Қашықтықтан оқыту режиміндегі халықаралық деңгейлі бинарлы дәріс

1 Мамыр 2020, 7:04 pm
102 рет оқылды

Осы жылдың 28 сәуірінде фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі С.К. Ордабаеваның ұйымдастыруымен фармацевтикалық химия пәнінен жоспарлы ашық дәріс болып өтті.

Бинарлы дәрісті шетелдік және отандық әріптестермен өткізуге ресейлік және қазақстандық білім беру ұйымдарының қашықтықтан оқыту режиміне көшуі басты себеп болды. Ұйымдастырушы кафедра Cisco Webex трансляционды платформада дәріс өткізу үшін серіктес-ЖОО, солардың ішінде Башқұртстан мемлекеттік медициналық университеті, «Астана» Медицина университетінің алдыңғы қатарлы ғалымдары мен педагогтарының басын қосты:.

1526 1

Бинарлы дәріс заманауи білім берудің кәсіби құзыреттілігін сәтті жүзеге асыратын пәнаралық интеграция тәсілі ретінде таңдалды. Сонымен бірге, ұсынылған дәріс түрі бір мезетте бірнеше пәндер бойынша ақпараттар алуға, студенттерге болашақтағы көп қырлы, өзара байланысты және өзара тәуелді кәсіби қызметінің толық қанды сипатын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

ЖОО алған білімдері мен кәсіби дағдылары болашақ фармацевтке фармацевт-технолог, фармацевт-аналитик, фармация менеджері, химик-токсиколог біліктілігінде жұмыс жасауға көмегін тигізеді. Фармацевт өзінің кәсіби құзыреттілігі аясында дәрілік препараттардың сапасын, эффективтілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті.

1526 2

Сондықтан бинарлы лекцияда пәнді таңдау кездейсоқ емес. Бензодиазепиндер туындылары дәрілік препараттарының физикалық, химиялық қасиеттері мен сапасын бақылау бойынша ақпаратты ұйымдастырушы-лектор С.К. Ордабаева, ал дәрілік препараттардың синтез тәсілдері мен жағдайларына тікелей тәуелді дәрілік заттардың тазалығын қамтамасыз етуді профессор Е.Д. Клен баяндап берді.

1526 3

Тиімді, эффективті және тұрақты дәрілік түрлер алу да дәрілік субстанциялардың физикалық және химиялық қасиеттеріне тәуелді. Сондықтан студенттер фармацевтикалық химияда дәрілік препараттардың биожетімділігін қамтамасыз етуде алған білімдерін дәрілер технологиясы пәнін оқып толықтырады. Пәндер арасындағы өзара байланыс пен бензодиазепин қатарының дәрілік түрлерін алу бойынша негізгі сұрақтар туралы қажетті ақпаратты профессор Ю.В. Шикова баяндады.

1526 4

Профессор А.Б. Шүкірбекованың бензодиазепиндердің жанама реакциялары, мүмкін болатын уланулар, сақтық шаралары мен химия-токсикологиялық талдауы жайлы материалдары да аса қызығушылық тудырды. Аталған сұрақтарды игеру фармацевтикалық химияда алған білімдері мен дағдыларын жеңілдетеді.

1526 5

Профессор Ибрагимова Г.Я. студенттерге бензодиазепин қатары дәрілік препараттарын сақтау, босату және есепке алу кезінде қолданылатын нормативті құжаттардың талаптары туралы әңгімелеп берді. ҚР мен РФ нормативті құжаттарына, сонымен бірге ЕАЭО аясында дәрілік заттар айналымы саласында дайындалып жатқан нормативті құжаттарға да салыстырмалы талдау жасады.

1526 6

Дәріс соңында студенттер материалды меңгергендігі жөнінде Quizizz бағдарламасы бойынша онлайн-тестілеуден өтті. Студенттер барлық ұстаздарға қызықты және көп қырлы дәрістері, ал ұйымдастырушыларға шетелдік оқытушылармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік жасағандары үшін алғыстарын білдірді.

1526 7

Қорыта айтқанда, пәнаралық интеграция элементтерімен бинарлы дәріс фармацевттің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Осындай сабақтар білім алушыға әр пән бойынша алған білімін бір пән шеңберінен тыс бірнеше рет қолдана отырып, жаңа жағдайда білімді кәсіби іс-әрекетте қолдана білуге мүмкіндік береді.

1526 8

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар