Әлемдегі COVID-19 коронавирустық инфекцияның ауыртпалығы және ОҚМА-ның резидент-инфекционисттерінің жұмысы

21 Наурыз 2020, 12:23 pm
56 рет оқылды

Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында екінші жылдың 6 резиденті және бірінші жылдың 16 резиденті білім алып, өз шеберліктерін шыңдауда. Резиденттер кафедра мен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметіне белсене қатысады, үздіктері қосымша кезекші ретінде жұмысқа қабылданды. 

Резиденттердің қатысуымен коронавирустық инфекция мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. 07.02.2020 жылы 1-курс резиденттері CОVID-19 коронавирустық инфекцияның жаңа штаммына арналған конференция өткізді. Конференцияда SARS және MERS инфекциялар жайлы докладтар талданды. 18.02.2020 ж. 2-курс резиденттері ОҚМУ-да, жедел медициналық жәрдем қосалқы станцияларында, қалалық емханаларда, ОҚМА жатақханаларында CОVID-19 коронавирустық инфекция бойынша дәріс оқыды.

1516 1

1516 2

1516 3

1516 4

1516 5

1516 6

Жіті респираторлық жұқпалардың эпидемиологиялық маусымының басында резиденттер бөлімшелерде науқастарды жүргізеді, қабылдау бөлмелерінде науқастарды қабылдайды, госпитализацияланбаған ересектер мен балалар үшін құнды ұсыныстар береді. Резиденттер-ProMed Mail, https://openwho.org/, кафедраның жеке сайты. www.wikihow.com жіктемелерімен белсенді жұмыс жасайды.

Жас инфекционистер COVID -19 алдын алу бойынша Инфекциялық буклеттер әзірледі.

1516 7

Резиденттер инфекционисттер тәлімгерлермен бірге 4 және 5 ақпанда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының №1 және №2 жатақханаларында "2019 Novel Coronavirus" тақырыбында шетелдік студенттерге семинар өткізді.

1516 8

ОҚМА-да 13.02.2020 күні коронавирусты инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша іс-шара өткізілді (CAVID-19).

1516 9



Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар