Студенттерді Open Labyrinth элементтерімен TBL әдісі арқылы оқыту

28 Ақпан 2020, 11:00 pm
75 рет оқылды

Оқытудың инновациялық педагогикалық технологиялары студенттердің терең білімін қалыптастыруға кепілдік береді, және де оларға кең бейінді инженер-технологтың кәсіби қызметін сапалы орындауға мүмкіндік береді. Оқытудың белсенді әдістері (ОБӘ) студенттердің оқытушымен ғана емес, сонымен қатар бір-бірімен кең қарым-қатынасына және оқу процесінде студенттердің белсенділігінің басым болуына бағытталған. Осы мақсатта фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында «Фармацевтикалық сараптама әдістері мен құралдары» пәні бойынша «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 4 курс студенттеріне Open Labyrinth элементтерімен TBL белсенді әдісін қолдана отырып ашық зертханалық сабақ өткізілді.

1508 1

Студенттер алдында жұқа қабатты хроматография әдісі арқылы новокаин гидрохлоридінің және стрептоцидтің өзі екендігін және тазалығын анықтау мақсаты тұрды, оны орындау үшін оқу тобы екі топқа бөлінді.

Белсенді әдістерді қолдана отырып өткізілген зертханалық сабақ студенттердің белсенді оқуын және тәжірибелік қызметін, дәрілік препараттың синтезі мен талдауын жүргізу үшін әртүрлі көздерден қажетті ақпаратты өз бетінше табу, шығармашылық өңдеу және пайдалану қабілетін қалыптастырып, сабақтың зертханалық бөлігінің тиімді өтуін қамтамасыз етті.

1508 2

Оқу материалын бекіту үшін студенттерге новокаин гидрохлоридінің және стрептоцидтің өндіру бойынша химиялық-технологиялық схеманы құрастыру бойынша тапсырма ұсынылды, оны шешу үшін «Жалпы химиялық технология» және «Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы» пәндері бойынша алынған білімдері қажет болды.

Ситуациялық-бағытталған оқыту әдістемесі өзіне жеке (тестілеу-Triventy), сонымен қатар виртуалды өндірісті қолдану арқылы студенттердің топтық жұмысын - «Оpen labyrinth», жұмысын енгізді, оның мәні виртуалды өндіріс жағдайында мәселені шешу болды. Ситуациялық есептерді қолдану студенттердің жекелеген мәселелерге назарын аударуға және оқу процесінің мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік берді, оны оңтайландыруға ықпал етті және осы пәнді оқуға студенттердің уәждемесін жоғарылатты.

1508 3

Командалық және ситуациялық-бағытталған оқытуды қолдану сабақты өткізудің пассивті формаларына жақсы балама болып табылады, коммуникативтік дағдыларды дамытады, оқу материалын жақсы меңгеруге ықпал етеді, мінез-құлық және кәсіби дағдыларды дамытуға және жетілдіруге қолайлы жағдай жасайды.

1508 4

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар