С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-не «Микробиология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор м.а. Б. Т. Сейтханованың академиялық ұтқырлығы

25 Ақпан 2020, 4:15 pm
63 рет оқылды

2020 жылдың 10-22 ақпан аралығында «Микробиология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор м.а. Б.Т. Сейтханова академиялық ұтқырлық аясында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Микробиология және вирусология» кафедрасында "Микробиология" пәнінен келесі тақырыптар бойынша сабақ өткізді:

1. Патогенді және шартты патогенді коринебактериялар. Бордетеллалар.

2. Туберкулез. Лепра.

3. Антигендер мен антиденелер. Биопрепараттар: вакциналар, сарысулар, диагностикумдар, аллергендер. Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы және иммунотерапиясы.

4. Химиотерапия туралы оқу негіздері. Антибиотиктердің жіктелуі. Микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігін дамыту механизмдері. Сезімталдық/ резистенттілік антибиотиктер мен дезинфектанттарды анықтау. Стерильдеу. Дезинфекция.

1506 1

Сабақтар TBL әдісі бойынша "Стоматология", "Жалпы медицина", "Педиатрия", "Фармация", "ФӨТ" мамандықтары бойынша 2 курс студенттеріне өткізілді.

1506 2

Академиялық ұтқырлықтың ғылыми бағытының нәтижесі: С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «Микробиология және вирусология» кафедрасымен "Пневмококк инфекциясының ерекшеліктерін халықаралық көп орталықты проспективті зерттеу" атты бірлескен ғылыми жоба туралы болашақ келісім шарт жасасу.

1506 4

1506 3

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар