М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «КОРОНАВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯ» ТАҚЫРЫБЫНА ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

21 Ақпан 2020, 11:54 am
91 рет оқылды

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғарғы мектебінің сұрауымен 2020 жылдың 18 ақпан күні жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының Резидент-инфекционистері Әбдімүтәліұлы Дәулетияр, Сауыт Гүлжан Ералықызы PhD., доцент м.а Бердалиева Ф.А. және м.ғ.к, проф. Абуова Г.Н. басшылығымен I, II курс студенттеріне «Коронавирусты инфекциясының» алдын алуы бойынша студенттерге видеоматериалдар көрсетіліп, дәріс өткізілді. Студенттерге Коранавирус инфекциясы ауруының жаңа түрінің ахуалды мәселелерінің, әлемдегі және елдегі эпидемиологиялық жағдайларымен, жұғу механизмдерімен, аурудың негізгі клиникалық белгілерімен, ерте диагностикалаудың алгоритімімен және заманауи емдеу әдістерімен таныстырылды. Сонымен қатар аурудың алдын-алу іс-шараларымен және аурумен күрес кезіндегі инфекциялық бақылау туралы толық айтылды. Коронавирус (2019-nCoV) инфекциясы кезіндегі медицина қызметкерлерінің медициналық қызмет көрсету алгоритмімен таныстырылды. Тыныс алу ағзаларының және қолдың гигиенасы көрсетілді. Студентерге кафедра қызметкерлерімен жасалған жаднама және буклеттер таратылды.

1505 1

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар