ЖОО-НЫҢ БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУІНІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛАДЫ

17 Ақпан 2020, 2:16 pm
92 рет оқылды

2020 жылдың 11 ақпанында ОҚМА мәжіліс залында академияның студент жастары профессор Оңласбек Құдайбергенұлы Құлакеевпен кездесу өткізді.

Оған интерн-дәрігерлер, магистранттар, резиденттер, жоғары курс студенттері, тәлімгердің алғашқы оқушылары, хирургиялық пәндер кафедрасының қызметкерлері, Шымкент қаласының медициналық ұйымдарының жетекші мамандары шақырылды.

1501 1

Академия ректоры М. М. Рысбеков академия қабырғасында білім алушылар үшін өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Шақырылғандардың арасында бірінші болып практикалық және педагогикалық тәжірибесі бай мерейтой иелері болады. Бұл студенттердің сабақ барысында дәрежелі хирургтардан олардың өмір жолдары, ең күрделі операциялары туралы, авторлық куәліктер мен өнертабыстарға патенттер дайындау туралы сұрауға уақыттарының болмауымен түсіндіріледі.

Кафедра меңгерушісі Б. А. Абдурахманов өз баяндамасында хирургтің мектепте, медициналық институтта волейболмен шұғылдануынан бастап, торакальды хирургиядағы алғашқы қадамдары мен Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігеріне дейінгі көп қырлы қызметіне тоқталды. Осы жылдар бойы спорт, ғылым, тәжірибе тығыз байланыста болды.

1501 3

Профессор Оңласбек Қудайбергенұлы Құлакеев ғылыми және зерттеу қызметіне баса назар аударды, 40 жыл ішінде екі диссертация қорғады – кандидаттық және докторлық, доцент, кейін профессор болды, үш монография шығарды, 500-ден астам мақала жариялады, 12 медицина ғылымдарының кандидаттарын дайындады.

Екінші курста оқып жүргенде Давран Арыбжанов онкологияға қызығушылық танытты. Студенттік ғылыми қоғамның мүшесі бола отырып, тышқандар мен иттерге ота жасады, және осы кезде О. К. Кулакеевтің ізімен жүруді шешті, кандидаттық диссертацияны қорғады және өзін ең бақытты адам деп санайды.

1982 жылы облыстық клиникалық ауруханада осы бүгінгі кездесудің қонағымен әріптес болған ОҚМА-ның бірінші проректоры Ж. Б. Бапаев О. К. Құлақеев туралы өзінің жылы сөздерімен бөлісті.

ОҚМА ардагері Н. Ж. Жұмабаев бір рет көріп, бір рет естіген керемет екенін, осындай кездесулердің, қарым-қатынастың жаңа форматы ғылым мен медицинаның тамаша әлеміне енуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

1501 2

Шымкент қаласы буындар орталығының бас дәрігері Чокан Баймахамбетов, кафедра ассистенті Мұрат Жантеев, хирург Айткали Маймақов спортпен және сүйікті кәсіппен айналысудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында ОҚМА ректоры Мырзабек Мырзашевич Рысбеков ректораттың бастамасымен және ұжым қолдаған жоғары оқу орнының ғалымдарымен болған бірінші кездесуге қатысқандары үшін барлығына алғысын білдіріп, оқуда және еңбекте табысты болуларын тіледі.

Кітапханалық-ақпараттық орталығы кездесуге арнап О. Қ. Құлақеевтің оқу және ғылыми еңбектерінің «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» атты арнайы көрмесін ұйымдастырды.

Материалға баға беріңіз
(3 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар