«Фармация» факультеті профессор- оқытушы құрамының жұмыс берушілерімен дөңгелек үстелі

13 Ақпан 2020, 6:58 pm
29 рет оқылды

2020 жылының 7 ақпанында ОҚМА әкімшілігінің, деканат өкілдерінің, мамандырылған кафедраларының меңгерушілері мен профессор-оқытушы құрамынан жетекші мамандарының фармацевтика саласындағы жұмыс берушілерімен кездесуі өтті. Іс-шара факультет деканаты, ОҚМА ЖБТ жобалы офисімен және «Фармация» білім беру бағдарлама комитетінің көмегімен ұйымдастырылды.

1498 1

Қатысушылардың назарына ОӘО басшысы А.Г.Ибрагимова дайындаған «ҚР фармацевтикалық білім берудің жетілдіру тұжырымдамаларын өңдеу бойынша жоба» атты презентация ұсынылды. Бұл баяндамада ҚР фармацевтикалық білім беру жүйесінің әрі қарай жетілдіруі, алдағы күтілетін нәтижелері, мамандықтың білім беру бағдарламаларының іске асырудың мақсаттары, міндеттері және ұстанымдары. Презентацияда фармацевтикалық салаға кадрларды даындағанда болатын қиыншылыктар туралы айтылды, еңбек нарығымен білім беру жүйесінің әрекеттесу сұрақтары қарастырылды, фармацевттерді даярлағанда халықаралық тәжірибенің талдауы келтірілді, сонымен қатар ондағы біліктілікті беру және кәсіби қызметке рұқсат беру тәртібі де қарастырылды.

1498 2

Дөңгелек үстел жұмысына жұмыс берушілерден қатысқандары: Альжанова Х.Д.- «Даму» ОҚО-ның фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығы директоры, Кашкымбаева Л. Р.- ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау комитеті, Шымкент қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, Каликулова Ш.Е. - «Europharma» ЖШС-нің оқыту бойынша менеджері, Ерметов Р, Ш. - «Абу Акбар» ЖШС құрылтайшысы, Сейтханова А.Л. облыстық онкодиспансер провизоры.

1498 3

Одан басқа, ДСМ-нің тапсырмасы бойынша жоғары және орта фармацевтикалық білімі бар қызметкерлерінің фармацевтикалық мамандықтарының номенклатурасы талқыланып, айқындалды.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар