Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясының №1, 2 жатаханаларында 2019- Novel Coronavirus инфекциясының алдын алуы бойынша іс-шаралары

11 Ақпан 2020, 1:18 pm
117 рет оқылды

2020 жылдың 4-5 ақпан күндері жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының ПОҚ Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясының №1, 2 жатаханаларында 2019- Novel Coronavirus инфекциясың алдын алуы бойынша студенттерге видеоматериалдар көрсетіліп, семинарлар өткізілді. Студенттерге 2019- Novel Сoronavirus ауруының жаңа түрінің ахуалды мәселелерінің, әлемдегі және елдегі эпидемиологиялық жағдайларымен, жұғу механизмдерімен, аурудың негізгі клиникалық белгілерімен, ерте диагностикалаудың алгоритімімен және заманауи емдеу әдістерімен таныстырылды. Сонымен қатар аурудың алдын-алу іс-шараларымен және аурумен күрес кезіндегі инфекциялық бақылау туралы толық айтылды. Коронавирус (2019-nCoV) инфекциясы кезіндегі медицина қызметкерлерінің медициналық қызмет көрсету алгоритмімен таныстырылды. Тыныс алу ағзаларының және қолдың гигиенасы көрсетілді. Оқу мақсатында және студенттердің білімін жетілдіру мақсатында видео-роликтер көрсетілді. Студентерге кафедра қызметкерлерімен жасалған жаднама және буклеттер таратылды.

1496 1

1496 2

1496 3

Материалға баға беріңіз
(12 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар