ҚАЗАҚСТАН ОНКОЛОГТАРЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА ӨТТІ

7 Ақпан 2020, 4:05 pm
47 рет оқылды

Бүгін Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының базасында он-лайн форматта "2019 жылғы ҚР-да онкологиялық көмек көрсету қорытындылары" тақырыбында онкологиялық аурулар бойынша көшпелі үйлестіру кеңесі өтуде.

Отырысты аша отырып, Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаева 2019 жылы онкологиялық аурулармен күрес бойынша Кешенді жоспардың жүзеге асырылған іс-шараларының маңыздылығын атап өтті.

1495 1

Ол ҚР-да онкологиялық көмек көрсететін ұйымдар басшыларының, өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары өкілдерінің, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің, жетекші маман-онкологтардың назарын қызметтердің өзара іс-қимылына, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына аударды.

1495 2

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры М. Рысбеков министрлік бастамашылық еткен көшпелі кездесуде медицина қызметкерлеріне тәжірибе алмасуға, теориялық білімдерін толықтыруға, өңірлерде онкологиялық ауруларды емдеудің инновациялық әдістемелерін танысуға және енгізуге мүмкіндік беретіндігіне баса назар аударды. Ол сондай-ақ ЖОО-да кадрлар даярлауға тоқталды.

Қазақ Онкология және Радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Д. Қайдарова стратегиялық даму қызметінің басшысы О. В. Шатковскаяға сөз берді.

1495 3

Елімізде онкологиялық көмекті жетілдіру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың міндеттерін іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады. Онкологиялық аурушаңдық құрылымында бірінші орында сүт безінің обыры; екінші орында –өкпе қатерлі ісігі, үшінші орында – асқазан қатерлі ісігі. Ауырғандардың жас құрылымында 59,6% еңбекке қабілетті адамдар, -деп атап өтті баяндамашы.

2019 жылы Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспарды орындау бөлігінде 42 іс-шара іске асырылды.

1495 4

Бұл көшпелі отырыс "ауру нүктелерін" анықтауға және елдегі онкологиялық көмекті жетілдіру стратегиясын әзірлеуге, онкологиялық науқастардың алдын алу, ерте диагностикалау және өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Райхан Шаймерденова

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар