Ректор кубогы-2020

24 Қаңтар 2020, 11:34 pm
76 рет оқылды

«Еріктілер жылы-2020» мен «Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына» орай Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 23 қаңтар күні «Ректор кубогы - 2020» жайдарман сайысы өтті. Жайдарман ойындарын өткізудегі мақсат - жастарды гуманизм рухында тәрбиелеу, шығармашылық бастаманы қолдау, әр түрлі деңгейдегі академиялардың атынан шығуға қабілетті дарынды тұлғалар мен жаңа командаларды анықтау, КВН қозғалысын дамыту. Сайысқа 4 команда қатысып, «сәлемдесу», «жанбы ату» кезеңдері бойынша бақ сынасты.

1492 1

Әділ қазылар алқасында Түркістан облыстық Жайдарман ойындары филиалының төрағасы Бердібеков Өсер, Жайдарман ойындарының түлегі, академияға еңбегі сіңген жастар жанашыры, облысымыздың дамуына көп үлесін қосып жүрген Қарсақбаев Мұхит және Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Ахметов Нұрлан төрелік етті.

1492 2

Факультетаралық сайысты Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім ашып беріп, ОҚМА Көңілді тапқырлар алаңының редакторы және жетекшісі Тасжанов Берік жайдарман сайысын жүргізді.

1492 3

Сайыс қорытындысы бойынша «Ректор кубогы - 2020» Эксперимент тобы - І орын, Интерндер тобы - ІІ орын, ОлимпМIX тобы - ІІІ орынды иеленсе, «Өнегелі өнер» номинациясымен Махмуд Бхати марапатталып, «Үздік ойыншы» номинациясын Пазилов Шамурат қанжығасына байлады. Жүлделі орын иеленген командаларға қаржылай сыйлық берілді.

1492 4

Командалық ойындар жыл сайын жарқын әрі қызықты бола түсуде. Студенттер үшін қызықты сәттер, ал көрермендер қызықты ойынның куәсі болды. Ойын әділ және тартысты өтті.

1492 5

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар