Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу дайындығын қамтамасыз ету үшін орталық штаб өкілдері аймақтарға шықты

13 Қаңтар 2020, 5:20 pm
47 рет оқылды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу дайындығын қамтамасыз ету үшін жедел әрекеттесу штабының өкілдері Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясына келді. Штаб мүшелері мен академия ұжымы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін міндетті медициналық сақтандыру мәселелерін талқылады. Академия ректоры, м.ғ.д. М.М.Рысбеков қонақтарды салынып жатқан 1000 төсекті көпсалалы университет клиникасының жобасымен таныстырды.

1490 1

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің директоры А.К. Кинаятов, ҚР ДСМ ТҚСҚБҚ (Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті) Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы А.К.Тулебаев, Шымкент қаласы бойынша ӘМСҚ филиалының м.а. директоры Л.Б.Алимова, Шымкент қаласы бойынша ӘМСҚ филиалының азаматтарды ақпараттандыру және қарастыру бөлімінің бастығы А.С. Беден, ЭДСРО (Электрондық денсаулық сақтаудың республикалық орталығы)

Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Ахметов Е.Е., «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ректоры М.М.Рысбеков, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі проректор Б.К.Нұрмашев, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдык денсаулық кафедрасының меңгерүшісі Г.Ж.Сарсенбаева мен құрылған комиссия мүшелері ағымдағы жылдың 5-9 қаңтарында Шымкент қаласындағы және Түркістан облысының жоғары оқу орындарының студенттерімен ғана емес, сонымен бірге жұмыс істейтін жастармен, тұрғындармен, мемлекеттік және жеке меншік клиникалардағы қызметкерлермен, меншіктің барлық түрінің өкілдерімен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында кездесу өткізді.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар