ЖАҢА 2020 ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

26 Желтоқсан 2019, 9:34 am
66 рет оқылды

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы мен қонақтары 2019 жылды жаңа жылдық кешпен шығарып салды. Салтанат сарайында мерекелік көңіл-күй орнады.

1484 1

ОҚМА-ның дара құрылтайшысы С.С.Сейтжанов кешті ашып беріп, қатысушыларға мінсіз жұмысы, кәсіпқойлығы, оқу орнымыздың өркендеуі жолында еңбек етуге деген ықыласы үшін алғыс білдірді. Баршаға білім беру саласында табыс, әрбір отбасына денсаулық және бақыт, туған-туысқандары мен жақындарына амандық тіледі.

1484 2

ОҚМА ректоры М.М.Рысбеков құттықтау сөзін сөйлеп, ұжымның 2019 жылы атқарған еңбектерін атап өтті.

1484 3

Мәдени бағдарлама «Көркем» вокалдық және би топтарының, «Маскарад» көркемдік ұжымының, шоумен Бауыржан Құлтаевтың ойын-сауық ойындарынан және т.б. қойылымдардан тұрды! Академия қызметкерлері кешті көңілді өткізді.

1484 4

Жаңа жылдарыңызбен, достар! Жаңа жыл әрбір үйге қуаныш пен бақыт әкелсін!

Жаңа 2020 жыл құтты болсын! Жылымыз қуанышты және берекелі жыл болсын!

1484 5

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар