Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы

19 Желтоқсан 2019, 10:52 pm
90 рет оқылды

Биыл еліміз тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқанына 28 жыл, осы орайда 70 жылдан астам уақыт билік құрған Кеңестер Одағы Ұлы державасының шаңырағын шайқалтқан «Желтоқсан» оқиғасына қатысушыларға құрмет көрсету мақсатында әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы, қазақ, орыс және латын тілдері кафедралары ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді.

Елінің ерікті болашағы үшін, таңдау еркіндігі, сөз бостандығы үшін өмірін құрбан еткен азаматтарымыз үшін 1 минут үнсіздік жарияланды.

1481 1

Іс-шараны ашып беру үшін ӘМжЖСБ басшысы Е. Сәлімге сөз берілді. Сонымен қатар Желтоқсан оқиғасының қатысушысы «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушысы Ғ. Орманова бастан кешкен жайттарымен бөлісті.

1481 2

Іс-шараға қонақ ретінде сол оқиғаның тікелей қатысушылары, Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша төрағасы Б. Сағынтаев және аталмыш бірлестік мүшесі Б. Төлеметов шақырылды.

1481 3

Іс-шара барысында сол кездегі оқиғаны айқын көрсету үшін 3 курс студенттері өз қойылымдарын ұсынды, «Желтоқсан желі» атты ән орындалды, бейбітшілігіміз бен тәуелсіздігіміз жасай берсін деген ойда академиямыздың «Шабыт» ұйымының белсенді қыздарының орындауында би ұсынылды.

1481 4

Өткізілген іс-шараны қорытындылай келе, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, профессор С.Ордабаева студент жастарға еліміздің ежелгі және заманауи тарихын білу әр азаматтың мемлекет алдындағы борышы екенін атап өтті.

1481 5

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар