«ОҚМА көшбасшы - 2019» зияткерлік олимпиадасы

10 Желтоқсан 2019, 1:41 pm
88 рет оқылды

2019 жылдың 29 қарашасында қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасында дәстүрге айналған «ОҚМА көшбасшы - 2019» зияткерлік олимпиадасы өткізілді. Бұл олимпиаданың мақсаты – студенттердің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін анықтау, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Олимпиадаға «Жалпы медицина», «Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «Педиатрия», «Стоматология» мамандықтарының бірінші курс студенттері және «Жас Отан» жастар қанатының, «Шабыт» жастар ұйымының және «Зиялы қазақ» пікірсайыс клубының белсенді студенттері қатысты. 

1474 1

Олимпиада келесі турлардан тұрды:

1 тур – «Қазіргі жастар мәселелері» тақырыбындағы пікірталас.

2 тур – «Полиглот» – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге арналған байқау.

3 тур – «Әлеуметтік желі жастар өмірінде» тақырыбындағы пікірталас.

4 тур – қорытынды викторина.

Студенттер «Stars», «Сила», «Чудо» и «Эрудиты» топтарына бөлінді.

1474 2

Олимпиадаға қатысушылар арасындағы шынайы пікірталас қазіргі жастардың проблемалары (қылмыс, патриотизмнің болмауы, жаман әдеттер және т.б.), жастардың асоциалды мінез-құлқының объективті және субъективті себептері туралы болды.

Зияткерлік олимпиаданың екінші кезеңінде қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы шет тілдерін жақсы білетіндіктерін көрсетті. Шынында да, оқу процесіне көптілді білім беру жүйесін енгізу – бірнеше тілде сөйлейтін көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың кепілі болып табылады.

1474 3

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілердің рөлі туралы мәселе – өте өткір мәселелердің бірі болып табылады. Қатысушылар әлеуметтік желілердің қазіргі жастардың өміріне жағымды және жағымсыз әсерін талқылауға мүмкіндік алып, «қарсы» және «оң» пікірлерлерін ортаға салды.

Командалардың өнер көрсету нәтижелері бойынша жеңімпаз команда анықталды. Позицияларын қисынды және дәйекті түрде ұсынуымен, сендіретін дәлелдерімен және шешендік өнерімен ерекшеленген «Stars» тобы алға шықты.

Интеллектуалды олимпиаданы қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы Р.Қ. Кальменова қорытындылап, барлық қатысушыларға жеңістер тіледі.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар