Мерейтойлық конференция мұрағатынан

22 Қараша 2019, 2:16 pm
55 рет оқылды

Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясының 40 жылдық мерей тойына арналған “Медицина мен фармация саласындағы замануи аспектілері: білім, ғылым, тәжірибе” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасында “Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакологиядағы маңызды аспектілер” атты секциялық отырыс өткізілді. Секция жұмысындағы негізгі модераторлар: Ахмадиева К.Е.- фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. доцент, Орманов Н.Ж. – кафедра профессоры м.ғ.д. Сонымен қатар отырыстағы конференция қонақтары:

Попандопуло Пантелей Харлампович - доцент, медициналық кеңесші ТОО “Медкор” Алматы қ., Ишигов Ибрагим Агаевич м.ғ.д. Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университетінің профессоры, Аллаева Мунира Жаракуловна, б.ғ.д. ТМА-ның (Өзбекстан) фармакология және фармакотерапия кафедрасының меңгерушісі. Кафедра оқытушылары, магистранттар, Яссауи атындағы ХҚТУ профессоры м.ғ.д Ишигов И.А. қатысып, жұмыстарын баяндады. Өзбекстаннан келген қонақ б.ғ.д Аллаева М.Ж. доклад берушілердің дайындығы жоғары деңгейде екенін атап айтты. Конференция қатысушылары оқытушылар мен дәрігерлердің халықаралық бірлестіктегі оң нәтижелерін атап өтті. Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды, ал қонақтарға арнайы сыйлықтар берілді.

1462 1

Сонымен қатар, кафедра меңгерушісі м.ғ.к, доцент Ахмадиева К.Е. ТМА-ның фармакология және фармакотерапия кафедрасының меңгерушісі Аллаева Мунира Журакуловнамен бірлескен “Эфференті иннервацияға әсер ететін дәрілер. Адренергиялық дәрілер”- тақырыбындағы мастер-класс өткізді.Мастер - классқа фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының ПОҚ, магистранттар және, 6В10101- “Жалпы медицина” мамандығының студенттері қатысты.

Мастер - классқа қатысушылар адренергиялық иннервацияға әсер ететін препараттардың фармакологиялық қасиеттері: α, β-адреномиметиктердің әсер ету механизмі, адренорецепторлардың орналасуы туралы құнды ақпараттармен бөлісті. Кардиоселективті және кардиоселективті емес адреноблокаторлардың әсер ету механизмі және медициналық тәжірибеде қолданылуы талқыланды.

Өзбекстаннан келген қонақ біздің Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академия туралы алған әсерлерімен бөлісіп және біздің студенттер мен оқытушыларға оқуында және жұмысында сәттілік тіледі.

1462 2

Қонақтар Аллаева М.Ж., Ишигов И.А. конференцияның жабылуына қатысты. Х.А. Яссауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры м.ғ.д Ишиговқа үздік баяндама жасаған үшін арнайы мақтау қағазы тапсырылды. Конференция қатысушылары бірлескен жұмысының жақсы жақтарын атап өтіп, алдағы уақытта медициналық білім берудегі міндеттерін және мәселелерін шешудің жаңа қадамдарын анықтап, бірлескен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізу жоспарлады.

1462 3

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар