«Жаңа толқын-2019» байқауы

18 Қараша 2019, 11:12 am
65 рет оқылды

1458 1

15 қараша күні ОҚМА-ның үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен студент жастардың «Жаңа толқын-2019» атты шығармашылық байқауы өтті. Іс-шараны фармация факультетінің деканы Қ.Н. Дәуренбеков ашып берді.

1458 2

Байқауға академияның және колледждің бірінші курс студенттері қатысты.

Бірнеше кезеңнен тұрған байқауда әр командаға өз факультеттерінің намысын қорғау үшін қырық минут берілді. Осы уақыт ішінде қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп көпшіліктің ықыласын бөлену керек болды.

1458 3

Жас таланттар өздерінің вокалдық қабілеттерін, әлем халықтарының билерін, музыкалық аспаптарда ойнауын, сондай-ақ әртістік және әзіл-сықақ өнерін паш етті. Белгілі композитор, республикалық конкурстардың лауреаты Берік Сексенбекұлы, ОҚМА әдістемелік кеңесінің хатшысы, Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы Оразымбетова Ғалия Дайырбекқызы, "Думан" би студиясының директоры Әлімбетова Венера, "Жас Отан" жастар қанаты қалалық филиалы төрағасының кеңесшісі Қалыбай Саян сынды қазылар алқасының мүшелері факультеттер арасында жүлделі орындар үшін тартысты жарыс өткенін атап айтты.

1458 4

Аталмыш шараның мақсаты - талантты жастарды анықтау және студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.

1458 5

Байқау қорытындысы бойынша "Үздік биші", "Үздік әнші", "Үздік мәнерлеп оқушы", "Үздік жүргізуші", "Үздік әзіл", "Салауатты өмір салты үшін үздік көрініс" "Үздік аспап өнері", "Топтық ән" номинациялары бойынша ең үздіктері марапатталды.

1458 6

Бірінші орын медицина факультетінің студенттеріне берілді.

1458 7

Жүлделі орындарға ие болған барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.

1458 8

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар