«ХV ғасырдағы халық емшісі»

7 Қараша 2019, 12:25 pm
108 рет оқылды

2019 жылдың 21 қазан күні «ОҚМА АҚ» жанындағы медицина колледжінің №2 ғимаратының 206 дәрісханасында ғұлама ғалым, медицина атасы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы атындағы дәрісхана ашылды. Дәрісхана ашылуына байланысты медицина колледжінің профессорлық –оқытушы құрамы, кітапханашы және медицина колледж оқушылары қатысты.

1450 1

Ашылу салтанатына кітапханашы Е.А. Қуанышбекова жиналған студенттерге кітапханамыздағы шипагер, емші шығармалары мен ол туралы жазылған газет – журнал, кітаптарды, «Әлемге танылған шипагер» кітап көрмесімен таныстырды. Е. А. Қуанышбекова өз сөзінде : «Шипагерлік баян» кітабы 1994 ж. араб əрпімен Үрімшіде 1996 ж. Алматыда «Жалын» баспасында қазақ тілінде басылып шықты. Араб карпінен көшіргендер – К.Елемес, Д.Мәсімхан. Бұл кітап - осыдан V ғасыр бұрын жасаған ғұлама ғалым, шипагер бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының кілең өз басынан өткізген төл тәжірибелерінен тұратын, медицина жөніндегі үлкен ғылымнамалық ұлы еңбек. «Шипагерлік баянда» өсімдіктерден алынған 854 түрлі, жануарлардан алынған 455 түрлі шипалық қасиеті бар емдік дəрілердің тізімі, адам мүшелерінің 430-ға тарта атаулары, мыңнан аса дəрі жəне 4577 рецепт берілген. Оның ғылымнамалық ұлы еңбек бола алуындағы себеп – тек қана шипагерліктің шын мәніне жету үшін оған астрономияны, философияны, психологияны, этнографияны, ұлттық салт-сананы, тарихпен ұштастыра білуінде деп Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының тарихымен таныстырды.

1450 2

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар