ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасарымен кездесу

26 Қазан 2019, 10:06 am
85 рет оқылды

2019 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Асылбеков Нұрлыбек Абибуллаұлы фармация факультетінің профессор - оқытушылар құрамы мен фармация факультетінің студенттеріне "Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымының жағдайы мен болашағы" тақырыбында дәріс өткізді.

1449 1

1449 2

Нұрлыбек Әбибуллаұлы өз сөзінде ҚР фармацевтика саласын дамытудың қазіргі жағдайына және дәрілік заттар және медициналық бұйымдарға қол жетімділігін, дәрілік заттар және медициналық бұйымдар сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дәрілік заттарды жоспарлау және сатып алу жүйесін жетілдіру саласындағы болашақ перспективаларға баса назар аударды.

1449 3

Іс-шараны "ОҚМА" АҚ ректоры проф. Мырзабек Мырзашұлы Рысбеков алғы сөзбен ашты. Дәріске Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдувалиев Асхан Мархабайұлы, Шымкент қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Қашкымбаева Лаззат Рсымбекқызы, Түркістан облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Тағыбаев Дәулет Орынбайұлы, ОҚМА ОӘО басшысы Ибрагимова Айгүл Гаффарқызы, фармация факультетінің деканы Дәуренбеков Қанат Нарбекұлы және бітіруші кафедра меңгерушілері қатысты.

1449 4

Тыңдаушыларға өзекті тақырыптар бойынша сұрақтар қоюға және Қазақстан Республикасында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы білімдерін кеңейтуге ерекше мүмкіндік берілді.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар