Ынтымақтастық үшін тағы бір мүмкіндік

25 Қазан 2019, 10:20 am
106 рет оқылды

Академиямыздың 40-жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясы фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы үшін біздің серіктестеріміздің қатысуымен ерекшеленді. Атап айтқанда, Сеченов университеті Фармация Институтының директоры (Мәскеу, РФ) профессор Г.В. Раменская өзінің алдыңғы қатарлы ғалым-оқытушылары құрамымен (Смирнов, А.Ю. Савченко, В.И. Гегечкори) бірге келді. Алғаш рет Қазақстанға Ш.Бехешти атындағы Медицина университеті Фармация Мектебінің (Тегеран, ИИР) директоры, профессор Ф.Х. Ширази шақырылды.

1447 1

Проф. Г.В. Раменская пленарлық мәжілісте жасаған өз баяндамасында кафедралар арасындағы көптен бері жалғасып келе жатқан достық қарым-қатынастың нәтижелерін, сонымен бірге, денсаулық туралы ғылым Университеті құрамындағы фармация Институтының даму перспективалары жайлы атап өтті.

1447 2

Ф.Х. Ширазидің пленарлық және секциялық мәжілістегі баяндамалары да аса қызығушылық тудырды, онда Фармация Мектебінің білім және ғылыми жетістіктері туралы, оның нәтижелері Иранның денсаулық сақтау тәжірибесінде көрініп отырғандығын, яғни 97% өз өндірісінің дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз етілгендігін атап өтті.

1447 3

Секциялық мәжілісте дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды. Сеченов университеті, Ташкент фармацевтика институты, Қырғызстан мемлекеттік медицина академиясы, С.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті, «Астана» медицина университеті, сонымен бірге, ҚР ӘМ сот сараптамалар Орталығы өкілдері де (Нұр-Сұлтан қ.) өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

1447 4

1447 5

Алыс және жақын шет елдерден келген қонақтар үшін мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Қонақтар Арыстан Баб, Хожа Ахмет Яссауи кесенелері, Отырар қаласының қазбалары, жаңа облыс орталығы – Түркістан қаласына барып, көшпенділердің көп ғасырлы тарихы мен жылдам дамып келе жатқан заманауи Қазақстан жайлы қызықты мәліметтермен танысты.

1447 6

Конференция пікірлер мен тәжірибелер алмасудың кезекті алаңына айналды, сонымен бірге, фармацевтика саласында білікті мамандарды даярлау және ғылыми жетістіктерді денсаулық сақтау тәжірибесіне енгізу аясында ары қарай ынтымақтастықты жалғастыру жоспарланды.

1447 7

Материалға баға беріңіз
(8 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар