×

Предупреждение

Не удалось удалить afc027a661de53eddec8dd4c96079af4.js

Дүниежүзілік биоэтика күніне арналған семинар

21 Қазан 2019, 10:47 pm
81 рет оқылды

2005 жылдың 19 қазанында білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) Бас конференциясының қарарымен " Биоэтика және адам құқықтары туралы жалпы декларация» қабылдады, ал 2016 жылдан бастап бұл күн Дүниежүзілік биоэтика күні ретінде атап өтіледі.

1445 1

Дүниежүзілік биоэтика күніне орай 2019 жылдың 18 қазанында ОҚМА-да биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиясы «Адамның қатысуымен ғылыми зерттеулердің этикалық сараптамасының жүйесі» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға "Отбасылық медицина" кафедрасының меңгерушісі, биоэтика бойынша жергілікті комиссия төрағасы, м.ғ.к., қауым.профессор Ж. Ә. Қауызбай, БЭЖК жетекші маманы, медицина ғылымдарының магистрі А.А. Асан, фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, дәлелді медицина бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі м.ғ.к., доцент К.Е. Ахмадиева, «ОҚМА Хабаршысы» республикалық ғылыми журналының редакторы Р. А. Шаймерденова, ғылыми-клиникалық бөлім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің қызметкерлері, барлық бағыттар мен мамандықтар бойынша 1 және 2 оқу жылының магистранттары қатысты.

1445 2

Ж. Ә. Қауызбай баяндамасында биоэтиканың тарихы мен мәселелері, этикалық сараптама жүйесі, биоэтикалық сараптама жүргізудің заңнамалық негіздері, клиникалық зерттеулердің этикалық мәселелері, пациенттің құқықтары мен қауіпсіздігі, жергілікті биоэтикалық комиссияның мақсаттары, міндеттері мен құрылымы туралы айтылды. Қ. Е. Ахмадиева мен Р. А. Шаймерденованың сөздерінде "Антиплагиат" жүйесі, плагиатқа тексеру үшін диссертациялық жұмыстарды тапсыру ережелері, алынған ақпараттың шынайылығы мен маңыздылығы, жариялануға мақалалар дайындау мәселелері талқыланды. А.А. Асан магистранттардың жоспарланған зерттеу жұмыстарының биоэтикалық сараптамасына арналған құжаттар тізімі туралы хабардар етті. Семинар қатысушылары этикалық сараптама мәселелері бойынша пікір алмасып, магистранттар сұрақтарына жауап берілді.

1445 3

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар