Шымкент марафон 2019

3 Қазан 2019, 3:06 pm
19 рет оқылды

1437 1

Биыл қалада 2-ші рет Шымкент марафоны өтті. Спорттық іс-шараға қала әкімі Ерлан Айтаханов, кәсіби спортшылар және қала тұрғындары қатысты.

1437 2

Шымкент Республикалық маңызы бар Қазақстанның үшінші қаласы ғана емес, сондай-ақ сертификатталған трассасы бар үшінші қала болды.

Марафонды ұйымдастыруға ОҚМА-дан 80 ерікті-студент қатысты, академиядан әр қатысушы марафон символикасы бар футболка алды.

1437 3

Қонаев даңғылынан Бәйдібек би данғылы бойымен Наурыз алаңына дейінгі алғашқы қашықтыққа әр түрлі жастағы мыңнан астам адам қатысты.

Қатысушылардың арасында академиямыздың белсенді студенттері Тойлыбай Сұлтан, Мамеков Шахрух,Маматдинова Наргиза,Жаксылыков Болат,Зулпыхар Индира өз үлестерін қосты.

1437 4

Қала әкімі қала тұрғындарына дәстүрлі марофонға белсенді қатысқаны және халықаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

1-3 орын жеңімпаздарын грамоталармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

1437 5

Спорт мерекесі Наурыз алаңында ойын-сауық іс-шарамен жалғасты.

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар