«Тұсау кесер - 2019»

19 Қыркүйек 2019, 4:16 pm
155 рет оқылды
1435 1
Дәстүрге сай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 1-курс студенттеріне «Тұсау кесер-2019» салтанатты жиыны өтті. Іс-шараны ОҚМА ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы ашып, студенттерді өмірлерінің ең маңызды күнімен, медицина саласына қосылуларымен құттықтады.
1435 2
Өз сөзінде ректор оқу орнының тарихымен таныстырып, биыл білім ордасына 40 жыл толып отқандығы жөнінде айтып өтті.
1435 3
Бүгінгі күні сіздер үшін өте маңызды, өйткені сіздер жаңа өмір жолына қадам бастыңыздар. Медицинаның атасы Гиппократ айтқандай: "Медицина-шын мәнінде барлық өнердің ең асыл түрі". Жаңа оқу жылында сіздер жаңа белестерді бағындырып, маңызды міндеттерді шешіп, қазіргі заман талабына сай болуларыңыз қажет. Біз сіздерден сырттан бақылаушыларды емес, инновациялық денсаулық сақтаудың болашақ медицинасының қалыптасуына тікелей қатысушыларды көреміз.
1435 4
Студенттер ант қабылдап, ректордан «Білім кілті» мен «Студенттік билетті» қабылдап алды.
1435 5
Құттықтау сөзбен факультет декандары сөйледі. Студенттік ректор академияның студенттік өзін-өзі басқару ұйымымен таныстырып, бойында таланты мен белсенділігі бар студенттерді өнер ұйымы мен еріктілер ұйымына, ғылыми және спорттық ұйымдарға шақырды.
1435 6
Салтанатты жиын концерттік бағдарлама мен студенттердің орындауындағы академия гимнімен аяқталды.
Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар