Өндірістік тәжірибе барысында студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру

13 Шілде 2019, 10:56 am
92 рет оқылды

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы «Токсикологиялық химия» сонымен бірге «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибелерінің өту нәтижелері бойынша әдістемелік конференция ұйымдастырды.

Фармация факультетінің 5 курс студенттері өндірістік тәжірибе нәтижелерімен бөлісіп, оқытушылар жетекшілігімен баяндамалар, презентациялар және баннерлер дайындады.

1431 1

Практиканттар екі тәжірибенің де бағдарламаларын толық орындады. Студенттер токсикологиялық және сынақ зертханаларында химия-токсикологиялық сараптама және дәрілік заттарға фармацевтикалық талдау жүргізу бойынша кәсіби дағдылары мен машықтарын тереңдетіп, бекітті.

Заманауи қондырғыларда жұмыс жасау, токсикологиялық маңызы бар заттар мен дәрілік препараттарды талдаудың жаңа әдістерімен танысу практиканттарға таңдаған мамандығының маңыздылығын айқындап берді.

1431 2

Студенттер тәжірибе өту кезінде зертхананың практикалық қызметіне араласып, фармацевт-аналитик және химик-токсиколог жұмысының жауапкершілігін сезіне отырып, тұрғындарды сапалы және қауіпсіз дәрілермен қамтамасыз етудің өзектілігін түсіне білді.

Студенттер сот-химиялық сараптама бойынша тәжірибені Алматы, Шымкент қалалары және Жамбыл облысы бойынша ҚР ӘМ сот сараптама Орталығына қарасты сот сараптама Институтының химия-токсикологиялық бөлімшесі базаларында өтті. ҚазҮББМУ (ҚазМУНО, Алматы), Т. Орынбаев атындағы ООГО токсикологиялық бөлімшелерінде (Шымкент) және Тараз қалалық №1 аурухананың клиникалық зертханасында практиканттар өткір уланудың лабораториялық диагностикасын жүргізу дағдыларын тереңдетіп, бекітті.

1431 3

Шымкент, Тараз қалалары дәрілік заттарды сараптаудың Ұлттық орталығының сынақ зертханалары, сонымен бірге, «Химфарм» АҚ сапасын бақылау бөлімі және Ғылыми-зерттеу сынақ орталықтарының студенттерді өз базаларында қабылдап, үлкен қолдау көрсетуі нәтижесінде тәжірибелердің жоғары деңгейде өткендігін атап өту қажет.

Серіктес жоғары оқу орындары базаларында, соның ішінде И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ-де (Мәскеу) және ТашФармИ-да (Ташкент) тәжірибеден өткен студенттердің есеп беруі жоғары қызығушылық тудырды.

1431 4

Тәжірибе алмасу мақсатында аталған ЖОО студенттері дәрілік заттар сапасын бақылау бойынша өндірістік тәжірибені біздің академия базасында өтті. Студенттер атынан PhD, ТашФармИ дәрілік заттарды стандарттау кафедрасының аға оқытушысы Нуридуллоева К.Н. сөз алып, біздің кафедраның заманауи қондырғылармен жабдықталу деңгейін атап өтіп, кафедра ұжымына студенттерді қабылдағаны және тәжірибені сапалы өткізгені үшін алғысын білдірді.

1431 5

Профессор С.К. Ордабаева конференция жұмысын нәтижелеп, қатысушыларға - жұмыс берушілерге, студент-практиканттарға, ОҚМА және ТашФармИ оқытушылары мен қызметкерлеріне алғысын білдірді. Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ұжымы өндірістік тәжірибенің барлық базаларына практиканттарға жауапкершілікті қарым-қатынас көрсеткені және денсаулық сақтау саласына білікті мамандар даярлауға бірлесіп үлес қосқаны үшін шынайы алғыстарын білдіреді.

Материалға баға беріңіз
(2 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар