Өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа қарқыны

13 Шілде 2019, 9:52 am
110 рет оқылды

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының оқу-ғылыми зертханасы базасында Ташкент фармацевтика институты студенттері «Дәрілік заттар сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесін өтті.

Студенттер өндірістік тәжірибе бағдарламасына сай Қазақстан Республикасында дәрілік заттар сапасын бақылауды регламенттейтін нормативті құжаттармен танысу, физикалық, химиялық және физико-химиялық талдаудың жалпы фармакопеялық әдістерін қолдана отырып, субстанциялар, таблеткалар, капсулалар, шаншуға арналған ерітінділер, жақпамайларға ҚР МФ талаптарына сәйкес толық фармакопеялық талдау жүргізу жұмыстарын жоспарланған көлемде толық орындады.

Дәрілік препараттардың сапалық параметрлерін анықтауда практиканттар еру, ыдырағыштық, суппозиторийлердің толық деформациясы «Pharma test» (Германия), үйкелгіштік пен беріктілік тестері «EF-155» (Германия) және т.б. құралдарда жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырды.

1430 1

Автоматты титраторда «MettlerToledo» Т-50 (Швейцария) әсер етуші заттардың сандық мөлшерін анықтау талдау жүргізу уақытын барынша қысқартуға және нақты нәтижелер алуға мүмкіндік берді.

1430 2

Спектрофотометрде «СФ-2000» (Ресей) дәрілік препараттардың идентификациясын, сандық талдауын және тазалығын анықтауды жүргізді. Практиканттар теориялық білімдерін УК-спектрлерді интерпретациялау, сандық мөлшерін есептеу тәжірибелік дағдыларымен тереңдетіп, бекіткендігін атап өтті.

Студенттер «Sykam» (Германия) фирмасының «Clarity» бағдарламасымен қамтамасыз етілген жоғары эффективті сұйықтық хроматографында дәрілік препараттарды идентификациялау, тектес қоспаларды және сандық мөлшерін анықтау мақсатында фармакопеялық талдау жүргізіп, үлкен әсерде болды.

Тәжірибе барысында студенттер Фурье «Инфралюм ФТ-08» ИҚ-спектрометрде (Ресей) алынған спектрлер бойынша дәрілік препараттарға идентификациялау жүргізіп, алғаш рет осы қондырғыда жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырды және калий бромидімен, НПВО әдісімен, жұқа пленкада таблеткалар түрінде зерттелетін үлгілер дайындады.

1430 3

Жұқа қабатты хроматографияға арналған кешенде (УК-кабинет, спрей камера, кептіргіш шкаф) дәрілік препараттардың өзі екендігі мен тектес қоспалар мөлшерін анықтауда практиканттар осы әдіспен дәрілік заттар сапасын бақылауда тұрақты тәжірибелік дағдылар қажет екендігіне көз жеткізді.

Студенттер тәжірибе барысында фармакопеялық талдау жүргізу саласында жаңа білімдер мен тәжірибелік дағдылар алғандығын, дәрілік заттар сапасын бақылау аясында өздерін сенімді сезінетіндіктерін жеткізді.

ОҚМА ректоры М.М. Рысбеков Ташкент фармацевтикалық институтының студенттерін қабылдап, өндірістік тәжірибе өткендігі жөнінде сертификаттар тапсырды.

1430 4

ТашФарми студенттері Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында өндірістік тәжірибені өтуге мүмкіндік жасағаны үшін академия ректоры М.М. Рысбековке шынайы алғыс айта отырып, ЖОО арасындағы ынтымақтастық аясында осындай тәжірибелердің ары қарай жалғасуына ізгі тілектерін білдірді.

1430 5

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар