ОҚМА-ның университеттік клиникасы: «Shanghai Construction Group» компаниясымен жобалау келісімшартына қол қойды

9 Шілде 2019, 6:50 pm
240 рет оқылды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Филиал Шанхай Костракшн Групп Ко. Қазақстандағы ЛТД» ЖШС мен «Қазақстан, Шымкент қаласының консультациялық-диагностикалық орталығы бар көпбейінді университеттік клиника» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін жобалау және дайындау бойынша келісімшартқа қол қойылды.

1428 1

Болашақ госпиталі «Бозарық-2» шағын ауданында орналасады және 1000 төсекке ауысымда 700 адам қабылдамақ. Жалпы ауданы 100 мың шаршы метрді құрайды, 9 жер үсті қабаты мен 2 жер асты қабаты болады.

1428 2

ОҚМА құрылтайшысы, белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Серікжан Сейітжанов атап өткендей, жаңа нысан Орталық Азия үшін қайталанбас сәулетпен, орындалатын жұмыстардың ауқымымен, дизайнымен, жаңа жабдықтарды орналастырумен бірегей болуы тиіс. Ал медициналық туризм үшін тартымды. Мәселен, жобада мамандандырылған медициналық объектілері әлемдік медициналық қоғамдастыққа белгілі мамандандырылған жабдықтар мен мамандандырылған компаниялардың өндірушісімен бірге орналастырылады.

1428 4

Академия ректоры Мырзабек Мырашұлы Рысбеков және «Филиал Шанхай Костракшн Групп Ко. Қазақстандағы ЛТД» бас директоры Huang Wei құрылыс жұмыстары мен азаматтық инженерияның егжей-тегжейлі әзірленуінің маңыздылығын атап өтті.

1428 5

Тараптар ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарына кірісуді жоспарлап отыр. Кешен 35–40 гектар жерді қамтиды.

Инвестицияның жалпы сомасы 180 миллион долларды құрайды.

Райхан Шаймерденова

Материалға баға беріңіз
(4 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар