Орыс тілінен шетелдік студенттер арасында өткізілген онкүндік нәтижелері

7 Маусым 2019, 9:27 pm
48 рет оқылды

2019 жылдың 20 мамыр мен 30 мамыр аралығында қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша шетел тобының студенттері арасында орыс тілінің онкүндігі өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты – ОҚМА-да оқитын шетел студенттерінің орыс тілін үйренуге деген ынтасын арттыру және студенттердің интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

1414 1

Аталған онкүндіктің шеңберінде келесі іс-шаралар өткізілді:

20.05.2019 – Онкүндіктің ашылуы. Мәнерлеп оқу байқауы.

22.05.2019 – «Өзім туралы әнгіме» байқауы.

23.05.2019 – «Менің әдемі Үндістаным» тақырыбындағы презентациялар байқауы.

25.05.2019 – «Полиглот» байқауы.

27.05.2019 – Медициналық терминдерді білу байқауы.

31.05.2019 – Орыс тілі онкүндігінің қорытындылары.

Қорытынды кезеңге үздік нәтиже көрсеткен студенттер іріктелді. Мәнерлеп оқу байқауы қорытындысы бойынша көрермендер мен қонақтарға орыс және әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларын ұсынған Yadav Gaurav және Singha Mayukh үздік деп танылды.

1414 2

«Өзім туралы әнгіме» байқауында Shiv Singh және Dudi Mukesh Kumar жеңімпаз атанды.

«Менің әдемі Үндістаным» тақырыбындағы презентациялар байқауында Үндістанның мәдениеті, салт-дәстүрлері, архитектурасы туралы айтқан Khan Arbaj және Devendr үздік болды.

«Менің студенттік өмірім» тақырыбындағы Devendr, Singhа Mayukh және Yadav Gaurav студенттерінің әңгімелері көрермендер мен қонақтардың жүректерін баурап алды.

Бағдарлама материалдарын меңгеру деңгейін тексеруге жақсы мүмкіндік берген «Полиглот» және медициналық терминдерді білу байқауларында барлық студенттер белсендік танытты. Бұл байқауда олар орыс және ағылшын тілдерін жақсы меңгергенін көрсетті.

1414 3

Орыс тілі онкүндігінің қорытынды кезеңінің қонақтары қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының латын тілі курсының аға оқытушысы А.Н. Қасымбекова мен шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Д.Ж.Саржанова. болды.

Орыс тілі онкүндігінің қорытынды кезеңі салтанатты түрде өтті. Жүлделі орындарға ие болған студенттерге грамоталар, ал белсенділік және еңбекқорлықпен көзге түскен студенттерге жақсы дайындықтары мен белсенділік танытқаны үшін сертификаттар табыс етілді.

Жалпы медицина» мамандығының шетел топтарының студенттері арасында өткізілген орыс тілінің онкүндігі студенттердің шығармашылығық қызметін белсендіріп, студенттік күндерге жарқын көңіл-күй сыйлады.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар