Версия для печати

4 маусым –ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні

11 Маусым 2019, 3:07 am
167 рет оқылды

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егенмендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран – мемлекеттік рәміздер болып табылады.

1413 1

4 сәуір 2019ж. «Медбиофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының ұйымдастырумен «4 маусым –ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні» атты тақырыпта мерекелік ісшара ұйымдастырды.

Бұл іс шараның мақсаты - студенттерге өз елінде, қазақ халқында мақтаныш сезімін қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ студенттерді мемлекеттік рәміздерге, патриотизмге және белсенді азаматтыққа терең құрмет көрстетуге тәрбиелеу.

1413 2

Тәлімгерлік топтардың студенттері Отан, Тәуелсіз Қазақстан туралы әндер шырқап, күй тартты. 

Мерекелік ісшараға фармация факультетінің деканы Қ. Н. Дауренбеков, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Қ. Сәлім, фармация факультетінің декан орынбасары М.М. Сапақбай және жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Н.Р. Ахметов қатысты.

Мерекелік ісшара қызықты және тартымды өтті.

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)