Өзбекстан базаларындағы өндірістік тәжірибе

4 Маусым 2019, 4:26 pm
67 рет оқылды

Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының студенттері Өзбекстанның Ташкент фармацевтикалық институты базасында алғаш рет «Өнеркәсіптік дәрілер технологиясы» өндірістік тәжірибесінен өтті.

Ташкент фармацевтикалық институты (ТашФИ) - бұл жоғары ғылыми-педагогикалық әлеуеті бар, жоғары білікті мамандар даярлау үшін үлкен мүмкіндіктерге ие халықаралық қатынастары дамыған жоғары оқу орны.

4-курс студенттеріне тәжірибеден өтуді ұйымдастыру «ТашФИ»-нің дәрілік заттардың өнеркәсіптік технологиясы кафедрасына бекітілді. Тәжірибе барысында студенттер «Denta fillplyus», «Laxisam Pharmaceuticals», «Tashkent Pharm Glass» ЖШС, «С.К.Исламбеков атындағы Узфармсаноат МАК УЗКИМЕФАРМ АК» және «Геномика және биоинформатика орталығы» фармацевтикалық кәсіпорындарымен танысты.

ОҚМА студенттерін жетекшісі профессор Р.М. Анарбаевамен бірге университеттің ректоры фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор З.А. Юлдашев қабылдады.

1409 1

Тәжірибе жетекшісі Ташкент фармацевтикалық институтының «Дәрілік заттардың өнеркәсіптік технологиясы» кафедрасымен бірлесе отырып өндірістік тәжірибе бойынша бірлескен жұмыс бағдарламасын әзірлеп, бекітті, «Дәрілік заттарды стандарттау және сапа менеджменті» кафедрасымен ғылым және білім беру үрдісінде бірлескен ынтымақтастық жоспарлары белгіленді.

1409 2

Студенттер Ташкент фармацевтикалық институтының ғылыми-студенттік қоғамының 76-жылдығына арналған ғылыми конференцияға қатысты.

1409 3

1409 4

Тәжірибелік оқыту бағдарламасы мазмұнды және толығымен орындалды.

Материалға баға беріңіз
(8 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар