Медик-студенттердің және жастардың бірінші Бұхаралық халықаралық конференциясына қатысу

31 Мамыр 2019, 3:35 pm
57 рет оқылды

2019 жылдың 23-25 мамыр күндері Өзбекстан Республикасының Бұхара қаласындағы Абу Али ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтында медик-студенттердің және жастардың бірінші Бұхаралық халықаралық конференциясы өтті.

1405 1

Аталған конференцияға біздің білім ордамыздың, яғни «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» акционерлік қоғамының белсенді жастары «Микробиология» кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор м.а. Б.Т. Сейтханованың ғылыми жетекшілігімен ЖМҚБ 03-17 тобының студенті Құрбанқожа Салин және ЖМОБ 12-17 тобының студенті Жунаидов Амиржон қатысты. Конференцияда С. Құрбанқожа «Жүктілік пен босану санына байланысты жаңа туған нәрестелердегі ішек және шап аймағы микрофлорасы спектрінің сипаты» тақырыбында, ал А. Жунаидов «Жаңа туылған балалардың терісі мен мұрнынан оқшауланған микроорганизмдер штамдарының кристаллограммасы» тақырыбында баяндама жасады. Бірінші Бұхаралық халықаралық конференцияға қатысқан С. Құрбанқожа мен А. Жунаидов І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталып, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына жүлделі оралды.

1405 2

«Абу Али ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының» ректоры А.Ш. Иноятовтың атынан «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ректоры, профессор М.М. Рысбековке және ғылыми жетекшісі, «Микробиология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор м.а. Б.Т. Сейтхановаға алғыс білдірілді.

1405 3

1405 4

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар