Назарбаев Университетінде өткен халықаралық конференция

27 Мамыр 2019, 2:47 pm
105 рет оқылды

2019 ж. 23-24 мамырда Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде "Институтаралық ынтымақтастықты нығайту арқылы Қазақстандағы мейіргер ісін дамыту" атты халықаралық конференция өтті. Конференция жұмысына Мейіргер ісі саласындағы жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылар, соның ішінде Финляндия, Голландия, Словения университеттерінен шақырылған спикерлер қатысты.

"Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі" кафедрасының меңгерушісі А.А.Сейдахметова "Мейіргер ісі мамандарының коммуникативтік дағдыларын жетілдіру" тақырыбында баяндама жасады. Конференцияның мақсаты - Қазақстандағы Мейіргер ісі мәселелерін талқылау үшін білім, ғылым және практика стейкхолдерлерінің кең ауқымына алаң құру (жағдайы және болашағы). ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығының, денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарының өкілдері, медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, тәжірибелі медбикелер, ұлттық және аймақтық Мейіргер ісі мамандарының кәсіби қауымдастығының өкілдері қатысты.

Конференцияда негізгі тақырыптар талқыланды: мейіргер ісіндегі көшбасшылық, дәлелді мейіргер практикасы, мейіргер ісіндегі зерттеулер, білім беру, ғылым және тәжірибе интеграциясы арқылы мейіргер ісін жаңғырту.

1402 1

1402 2

1402 3

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар