«12 мамыр - Халықаралық мейіргерлер күні»

23 Мамыр 2019, 10:59 pm
142 рет оқылды

ОҚМА АҚ жанындағы Медицина колледжімен, «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 17 мамырында қалалық онкологиялық ауруханасында «12 мамыр Халықаралық мейіргерлер күніне» арналған іс шара өткізілді. Іс-шараға Облыстық клиникалық ауруханасы, Облыстық балалар ауруханасы, №2 қалалық перинаталдық орталығы, Облыстық наркологиялық аруханасы, Қалалық онкологиялық ауруханасының аға мейіргерлері, мейіргер-менторлары, студенттер қатысып, баяндама жасады. Колледж директоры А. Кушкарова мейіргерлерді кәсіби мейрамдарымен құттықтау сөзімен бастады.

1401 1

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Сейдахметова А.А. «Мейіргер ісіндегі жаңғырту» атты баяндамасында мейіргер ісі мамандарын даярлауда кіші мейіргерден бастап магистр деңгейіне дейін көпдеңгейлі жүйе енгізілгенін, 2020 жылдан бастап Қазақстанда «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша докторантура PhD ашу жоспарланып отырғанын айтты.

1401 2

Облыстық наркологиялық аурухананың мейіргері А. Коптаева, Облыстық клиникалық аурухананың аға мейіргері А. Касимова, Қалалық онкология орталығының мейіргері Г.Онбергенова, және студенттер Қуаныш А., Эргашев С. өз баяндамаларында мейіргер ісіндегі білім беру және тәжірибелік денсаулық сақтаудағы өзекті мәселелерді қозғады.

Колледж директоры А.Кушкарова менторларды «Алғыс хатпен» мараппаттады.

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар