«2019 жылғы мамандық бойынша үздік түлегі» конкурсы

23 Мамыр 2019, 10:42 pm
156 рет оқылды

Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың мамыр айының 21 күні дәрігер-интерндер арасында «Үздік түлек - 2019» байқауы өткізілді. Байқауға 6 мамандық бойынша ең үздік деген 8 дәрігер-интерн қатысты. Оқуда және ғылымда өздерін көрсете білген дарынды түлектер құрметті атақ үшін күресті.

1400 4

Байқау 2 кезеңде өткізілді:

1-кезең - тәжірибиелік дағдылау;

2-кезең - тестілеу әдісі

1 кезеңде барлық интерндер жедел коронарлы синдром кезіндегі, жоғарғы тыныс алу жолдарының жедел бітелісі кезіндегі, дәрілік анафилаксиялық шок кезіндегі, қол жарақаттарының және тері жамылғыларының тұтастығының бұзылыстары кезіндегі шұғыл көмекті жүргізді, негізгі жүрек-өкпе қызметінің реанимациясын көрсетті. Кабинеттер заманауи жаттығу құрылғыларымен, қуыршақтармен (манекендермен), медициналық жабдықтармен және құралдармен, аудио-бейне аппараттарымен, компьютерлік техникамен жабдықтандырылды.).

2 кезеңде - теориялық білімді бағалау деңгейі тестілеу түрінде жүргізілді, конкурсқа қатысушалар тестілеуді өз бағыттары бойынша өткізді.

Комиссия құрамының шешімімен 2 кезеңнің қорытындысы бойынша:

«Үздік интерн акушер-гинеколог» - Болтайхан Қарлығаш Қайратқызы;

«Үздік интерн жалпы тәжірибелік дәрігер» – Еркінбаева Сандуғаш Сапарғалиқызы;

«Үздік интерн хирург» – Аралбаев Рахымжан Асқарұлы;

«Үздік интерн терапевт» – Егембердиева Гулжан Султанбеккизи;

«Үздік интерн педиатр» – Тасимов Дархан Алдабергенұлы;

«Үздік интерн стоматологы» – Елемесов Нурсултан Бахтияруғли.

1400 1

1400 3

1400 2

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар