Белсенді оқыту әдістері - білім беру үдерісінің тиімділігін жоғарылату тәсілі

13 Мамыр 2019, 8:45 pm
76 рет оқылды

Case-study (АКС) және TBL белсенді оқыту әдістерін қолдана отырып, фармацевтикалық химия пәнінен «Фенотиазин туындылары дәрілік заттарын талдау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Кафедра меңгерушісі, профессор Ордабаева С.К. белсенді оқыту әдістерінің (АМО) негізгі мақсаттарына, олардың артықшылықтары мен заманауи білім берудегі өзектілігіне тоқталды.

Кафедраның аға оқытушысы Махова Е.Г. бағдарламаның бастапқы бөлімдерінде өтілген тақы-рыптармен байланысын атап өтіп, фенотиазин туындылары дәрілік препараттарының өзектілігіне тоқталып өтті.

Сабақты «Нақты ситуацияны талдау» (АКС) әдісімен жүргізуде дәрілік заттардың сапасын бақылау бойынша сынақ зертханасы жүйесіндегі тәжірибеден алынған жағдай баяндалды: уәкілетті органға медициналық мекемеден зерттелетін препараттың эффективтілігінің болмауы және жанама әсері жөнінде шағыммен «сары карточка» келіп түсуі. 

1388 1

Нақты ситуацияны шешу үшін студенттер дәрілік заттардың сапасын бақылау бойынша сынақ зертханасының химик-аналитигі қызметін орындады. Осы мақсатта оқу тобы екі шағын топқа бөлінді. Оқытушыдан тапсырма алған соң әр топ нормативті құжат бөлімдері бойынша дәрілік препаратқа фармакопеялық талдау жасады.

1388 2

Шағын топтар АКС карточкасындағы сұрақтар бойынша сәйкессіздіктің болуына мүмкін болатын себептерге талқылау жүргізді. Әр топ ситуациядан шығатын мүмкіндіктерін ескере отырып, мәселелерді шешу алгоритмін ұсынды.

1388 3

Студенттер сабақ соңында ақпаратты үстірт және механикалық есте сақтаумен бірге, өздерінің берілген материалды ойлану тұрғысында және кең мағынада түсінгендерін, аналитикалық ойлауды дамытуға, кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндіктер алғандығын атап өтті.

Case-study және TBL белсенді оқыту әдістері кәсіби қызметтер, әлеуметтік біліктілік, топта өзара араласу мен қарым-қатынастың дағдылары, сонымен бірге жұмысқа деген жауапкершілік туралы толық ақпаратты қалыптастыруға көмектеседі. 

Материалға баға беріңіз
(2 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар