Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Т. Төкежановтың «ОҚМА» АҚ-на келуі

6 Сәуір 2019, 10:45 am
58 рет оқылды

2019 жылы 6 сәуірде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына (Шымкент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Т. Төкежанов келді.

1346 1

Академия ректоры М.М. Рысбеков жауапты хатшыны ЖОО-ның материалдық-техникалық базасымен, академияның барлық оқу корпустарының макеттері көрсетілген мұражаймен, анатомиялық мұражаймен таныстырды.   

Жаңа оқу корпусында, қонаққа заманауи құрал-жабдықтармен және муляждармен жабдықталған тәжірибелік дағдылар орталығы ұсынылды. "Пирогов" анатомиялық үстелінің жұмысы, кесте бойынша, Үнді студенттері тобында сабақ түрінде көрсетілді. 

1346 2

Сонымен қатар, қонақтарға студенттерге қызмет көрсету орталығының мүмкіндіктері, Академия жанындағы медициналық колледждің, оқу стоматологиялық клиниканың жұмысы көрсетілді.

Жауапты хатшы академияға қалалық көп бейінді клиникалардың бірін, сенімді басқаруға берудің қажеттілігі мен маңыздылығын атап өтті.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар