Сеченов университет (МММУ) студенттері АҚ «ОҚМА» базасында 2 -апталық тәжірибеден өтті

5 Сәуір 2019, 3:46 pm
109 рет оқылды

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ - СТУДЕНТТЕРДІ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КОМПОНЕНТІ

2014 ж. бастап фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы серіктес ЖОО арасындағы ынтымақтастық туралы келісім-шарт аясында жыл сайын Сеченов университеті (И.М.Сеченов атындағы Бірінші МММУ, Мәскеу) студенттеріне «Дәрілік заттар сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесін өткізеді. Осы жылы да Сеченов университетінің бес студенті «Дәрілік заттар сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесін өтуге келді. 

Студенттер өндірістік тәжірибе бағдарламасын толық орындады. Практиканттар жұмыс орнының ұйымдастырылуы және жабдықталуымен танысу барысында дәрілік заттар сапасын бақылау үшін барлық жағдайлар жасалғандығын атап өтті. 

1344 1

Студенттер Қазақстан Республикасында дәрілік заттар сапасын бақылауды регламенттейтін нормативті құжаттармен танысты, «Дәрілік заттардың сапасын, эффективтілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін фармакопеялық талаптар» тақырыбындағы семинарға қатысты. 

Тәжірибе бағдарламасына физикалық, химиялық және физика-химиялық талдаудың жалпы фармакопеялық әдістері, әртүрлі дәрілік түрлердің фармакопеялық талдауы сияқты фармацевтикалық талдау бөлімдері енгізілген. Студенттер субстанциялар, таблеткалар, шаншуға арналған ерітінділер, жақпамайлар, дәрілік өсімдік препараттарына және т.б. ҚР МФ талаптарына сай толық фармакопеялық талдаулар жүргізді. 

1344 2

1344 3

Практиканттар алғаш рет алдыңғы қатарлы әлемдік өндірушілердің заманауи қондырғыларымен жұмыс жасауға және зерттелетін дәрілік заттарды идентификациялауға, сандық анықтау жүргізуге мүмкіндік алды: автоматты титратор «Mettler Toledo T50» (Швейцария), Фурье ИҚ-спектрометр «Инфралюм ФТ-8» (Ресей), спектрофотометр «СФ-2000» (Ресей), «Apel PD-303S» (Жапония), «Sykam» фирмасының жоғары эффективті сұйықтық хроматографы (Германия), балқу температурасын анықтау қондырғысы «МР70 Melting Point System» (Швецария), қосалқы қондырғылар «Binder» (Германия) және басқа да идентификациялау, әсер етуші заттардың сандық анықтауы, физикалық константалар және т.б. жүргізілетін қондырғылар. 

1344 4

Еру, ыдырағыштық «Pharmatest» (Германия), үйкелгіштік және беріктік «EF-155» (Германия), суппозиториялардың толық деформациясы «Pharmatest» (Германия) тестерінде жұмыс жасау студенттерге дәрілік препараттардың сапасын бағалауда тәжірибелік дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. 

«Sykam» (Германия) фирмасының «Clarity» бағдарламасымен қамтылған жоғары эффективті сұйықтық хроматографы дәрілік препараттардың идентификациясы, тектес қоспалар мен сандық мөлшерін анықтау үшін фармакопеялық талдау жүргізу мақсатында іске қосылды. 

Студенттер жұқа қабатты хроматография қондырғысы кешені (УК-кабинет, спрей-камера, кептіргіш шкаф) көмегімен дәрілік заттардың өзі екендігі мен тектес қоспалар мөлшерін сорбенттің жұқа қабатында анықтаудың тәжірибелік дағдыларын толық жетілдірді.

1344 5

Vision Bio бағдарламасымен қамтылған биологиялық микроскопта «МТ 4000/МТ5000 Meiji Techno» (Жапония) жұмыс жасау практиканттардың кристалдар, бөлшектер өлшемін және т.б. зерттеу дағдыларын бекітуге мүмкіндік берді.

Студенттер әсер етуші заттардың сандық талдауын титриметриялық әдіспен автоматты титраторда «MettlerToledo»Т-50 (Швейцария) анықтау сандық талдау жүргізу уақытын барынша үнемдеуге мүмкіндік жасады.

1344 6

Практиканттар биоматериалдан анықталатын затты оқшаулау, концентрлеу, ары қарай идентификациялау және заманауи физика-химиялық әдістерді қолдана отырып, сандық анықтау арқылы биологиялық материалдан бөлініп алынған дәрілік препараттарға зерттеу жүргізді. 

1344 7

Академия ректоры, профессор М.М.Рысбеков студенттерге сәтті сапар тіледі және Ресейдің алдыңғы қатарлы университетімен ары қарай ынтымақтастық жалғасатынын айта келіп, Сеченов университеті студенттерін қабылдап, өндірістік тәжірибе өткендігі жөнінде сертификаттар тапсырды.

Тәжірибе соңында студенттер өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, өндірістік тәжірибенің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, академияның алдыңғы қатарлы қондырғылармен жабдықталғанын, зертханалық жұмыстарды толық көлемде орындауға мүмкіндік бар екендігін атап өтті. 

Практиканттар ОҚМА басшылығына, сонымен бірге фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасына фармацевтикалық талдаудың тәжірибелік дағдыларын жоғары сапалы және кәсіби деңгейде бекітуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді. Студенттер серіктес-ЖОО арасындағы ынтымақтастық аясында осындай тәжірибелерді ары қарай жалғастыруға тілек білдірді. 

Материалға баға беріңіз
(2 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар