«Жасөспірім гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында лекция оқылды

2 Сәуір 2019, 11:43 am
91 рет оқылды

2019 жылдың 19 наурызында 50 мектебінің 9-10 сыныптар аралығында "Жасөспірім гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында лекция оқылды. Баяндаушы ВОП-1 кафедрасының ассистенті Назарова Д.Ш.

1342 1

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының қалыстасуына теріс ықпал ететін факторлар ретінде жыныстық қатынастың ерте басталуы, олардың арасында жыныстық жолмен берілетін аурулардың көбеюі, сондай-ақ темекі мен ішімдікке әуестілігі дені сау сәбидің туылуына кедергі болады.

Бала туу үшін әйелдің жас мерзімін анықтау өте маңызды. Ерте жүктілік деп -13-19 жаста болған жүктілікті айтамыз. Бұл кезде қыз балада бойжеткен кезеңі-гормоналды ауысу кезеңі басталады. Жүкті болған қыз балалар не істерін білмей күйзеліске беріледі. Өзін кінәлі сезінген қыз шеттенеді де аборт жалғыз жол болып көрінеді. Ал аборт көптеген гинекологиялық ауруларға тіпті бедеулікке әкеледі. Аборттың алдын-алудың бір жолы-контрацепция.

1342 2

Контрацепция-бұл үнемі және кездейсоқ жыныстық өмір барысында қалаулы емес жүктіліктен сақтану.

Контрацепцияның түрлері: Иньекциялық, имплантанттар, әйелдің стерилизациясы, вазэктомия, презервативтер, жатырішілік заттар, қынаптық әдістер, отбасын жоспарлаудың табиғи әдісі, лактационды аменарея әдісі.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар