Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз!

25 Наурыз 2019, 10:03 am
79 рет оқылды

1338 1

2019 жылдың 20 наурыз күні ОҚМА ұжымы Әскери плац алаңында Наурыз тойын тойлады. Барлық кафедралар мен бөлімдер мерекелік дастархан жайып, Әлеуметтік мәселелер және Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама көрсетілді.

1338 2

Іс-шараны ОҚМА ректоры М.Рысбеков ашып беріп,қадірлі қонақтар мен академия ардагерлері ақ тілектерін білдірді.

1338 3

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, хирургиялық пәндер, микробиология,ішкі аурулар пропедевтикасы, акушерлік-гинекология және дәрілер технологиясы кафедралары өз өнерлерін ортаға салды.

1338 4

Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері «Тұсау кесер», «Қыз ұзату» мен «Айтыс» өнері көрсетіліп, «Асық ату», «Арқан тарту», «Кір тасын көтеру» ұлттық ойындары ойнатылды.

1338 5

Академия басшылығы атынан барша ұжымға Наурыз көже мен Палау таратылып, академия ұжымы мерекелік көңіл-күйде тарқады.

Барша академия ұжымын Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурызбен құттықтаймыз!!!

1338 6

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар