«JASTAR FORYMY KAZNMU-2019» Республикалық форумы

20 Наурыз 2019, 10:11 am
60 рет оқылды

1335 1

2019 жылдың 14-16 наурыз аралығында Алматы қаласында «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» қабырғасында «JASTAR FORYMY KAZNMU-2019» атты медицина жастарының Республикалық форумы өтті.

1335 2

Аталған форумға Қазақстанның барлық медициналық оқу орындарының жастары қатысып, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары Б.Тұрқұлов, Д.Әділбай, М.Бердіқожаев пен Әлем дәрігері Акшулаков Серик Қуандықұлымен кездесті. 

Форум барысында «Академиялық адалдық» тақырыбында дөңгелек үстел, интеллектуалды ойын мен Бамперболл ойыны ұйымдастырылды.

1335 3

Форумда ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген, Еліміздің медицина және фармация саласындағы студенттері мен жас мамандарының құқықтары мен мүдделерін қорғап, қолдау мақсатында «Қазақстан медицина жастары» Республикалық қауымдастығы құрылды. Қауымдастықтың Түркістан облысы бойынша төрағасы болып ОҚМА ЖСБ меңгерушісі Н.Р.Ахметов, Шымкент қаласы бойынша төрағасы болып ОҚМА студенттік ректоры Қ.А.Иембердиев сайланды. 

1335 4

Форумға ОҚМА атынан қатысқан жастар Алғыс хаттармен марапатталды. Барша медицина жастарын «Қазақстан медицина жастары» қауымдастығының құрылуымен, Төраға болған жастарымызды шын жүректен құттықтаймыз! 

1335 5

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар