"ОҚМА" АҚ мен Назарбаев Университетінің Медицина мектебі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою

12 Наурыз 2019, 5:27 pm
32 рет оқылды

2019 жылдың 7 наурызында "ОҚМА" АҚ мен Назарбаев Университетінің Медицина мектебі арасында медициналық білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Қол қоюға "ОҚМА" АҚ өкілдері ректор М. М. Рысбеков пен Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің деканы М. Пиньятелли қатысты. Талқылауға проректорлар, факультет декандары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және т. б. қатысты.

1331 1

Кездесу барысында тараптардың ғылыми, білім беру, инновациялық және технологиялық әлеуетін интеграциялау негізінде денсаулық сақтау кадрларының үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын өткізу, олардың нәтижелерін білім беру процесіне енгізу, тәжірибе, ғылыми және практикалық ақпарат алмасуға, өзара тиімді байланыстарды нығайтуға бағытталған конференциялар, мастер класстар, семинарлар түрінде ғылыми-ақпараттық алмасу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.

1331 2

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар