Онкологиялық аурулар

19 Ақпан 2019, 9:19 am
112 рет оқылды

«4 ақпан - Халықаралық обырға қарсы күніне» орай 2019 жылдың ақпан айының 7 жұлдызында Хирургиялық пәндер кафедрасының ұжымы академия студенттері мен интерндерге «Обырды емдегеннен алдын алу тиімді» тақырыбында конференция өткізді. Іс-шараның мақсаты - жалпы халық денсаулығы, оның ішінде онкологиялық аурулар мен алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары болып табылады. Кездесуге кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор м.а. Б.Абдурахманов, кафедраның PhD докторы К.Тажибаева, кафедра доценті, қалалық онкологиялық орталықтың «химиотерапия және эндоваскулярлы онкология» бөлімінің меңгерушісі Д.Арибжанов, доцент, онколог М. Жантеев қатысты.

1317 1

Қазіргі кездегі әйелдер арасында проблемаға айналған жатыр мойыны обырына тоқталып, жатыр мойыны обырының алдын алу үшін шет елдерде жасөспірімдерде вакцинация жасалатындығы туралы айтты. Болашақта деннің саулығы жақсы болу үшін әрбір адам өз денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарап, аурудың алдын алу керек екенін түсіндірді. Сондықтан, онкологиялық аурудың алдын алуда онкологтар ғана емес, барлық медициналық жүйеде қызмет ететін дәрігерлер, оның ішінде біріншілік звенодағылардың жауапкершілігі мол екендігі ескертілді. 

Болашақ дәрігерлерге ұстаздары әрбір дәрігерде онкологиялық ауруларға деген сезімталдық болуы керек, науқастарды тексеруде дұрыс бағдар берулері керектігін айтты. Осыдан 7-8 жыл бұрын өлім деңгейі жағынан мемлекетіміз дүние жүзі бойынша жүрек- қантамыр аурулары мен тарвматизмнен кейінгі 3 орында болған, ал онкологиялық аурулар қазіргі таңда 2 орынға шығып отырғанын мәлімдеді. Уақыт өте келе осы тенденция сақталса, өлім жиілігі бойынша алдыңғы қатарға шығатынымызды айтты. Қазіргі таңда адам ағзасында туындайтын онкологиялық аурулар, өкпе рагы мен оның салдарынан болып жатқан мүгедектік пен өлім деңгейінің қаншалықты артып отырғанын түсіндіріп, барлық ауруды алдын алу қажет екендігін ескертіп, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу» керектігін түсіндіріп қорытындылады.

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар