Халықаралық «Pharmacy Updates 2019» конгресі

18 Ақпан 2019, 5:51 pm
139 рет оқылды

Шахид Бехешти атындағы Медициналық университетінің (МУ, Тегеран, Иран) Фармацевттік ғылыми-зерттеу орталығының (ФҒЗО) президенті, профессор Ф. Ширазидің шақыртуымен профессор С.К. Ордабаева мен докторант Е.К. Орынбасаров «Pharmacy Updates 2019» Халықаралық конгресіне қатысып қайтты. 

1314 1

Конгреске 3000 аса қатысушылар, оның ішінде фармацевтикалық өндірістер, компаниялар, дәріханалық мекемелер, сонымен бірге, фармацевтикалық ғылым және білім саласының өкілдері қатысты. Конгресстің жұмысы 06.02.-08.02.2019 аралығында 5 секцияда жүргізілді. Конгресске жолдаған бейне-хабарламасында FIP Президенті Д. Джордан Иран Республикасының заманауи кезеңдегі фармацевтика саласы деңгейінің жоғары екендігін атап өтті.

1314 2

Конгресс қатысушыларына С.К. Ордабаеваның ОҚМА «Фармация» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының енгізілген тәжірибесі туралы баяндамасы жоғары қызығушылық тудырды. Сонымен бірге, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының дәрілік заттарды жасау және стандарттау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары (Ордабаева С.К.) сонымен қатар химия-токсикологиялық зерттеулері (Орынбасаров Е.К.) нәтижелері бойынша дайындалған баяндамалары жоғары әсер қалдырды. 

1314 3

Конгресс жұмысы кезінде ОҚМА мен ФҒЗО арасында ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қою рәсімі өткізілді. Алғаш рет Аймақтық Студенттер Форумы жасақталып, ол Конгресс қатысушылары – Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Иран Ислам Республикасы және Ирак Республикасының жас ғалымдары мен студенттерінен құралды. 

1314 4

1314 5

Конгресс қатысушылары үшін Ш. Бехешти атындағы МУ Фармация мектебімен, сонымен бірге, Тегеран медицина ғылымдары университетінің Фармацевтика институтымен таныстыру ұйымдастырылды. Осы оқу және ғылыми орталықтарының материалдық базасының жоғары деңгейі, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері және ғылыми зерттеулері делегаттарға зор әсер қалдырды. Сонымен бірге, GMP ережелеріне сай жұмыс жасайтын Иранның бірден-бір ірі фармацевтикалық өндірушілері – «Cinna Gen» биотехнологиялық компаниясына экскурсия ұйымдастырылды. 

1314 6

Конгресс барысында Ш. Бехешти атындағы Медициналық Университетінің ФҒЗО президенті, профессор Ф. Ширазидің бастамасымен білім беру бағдарламалары және ғылыми-зерттеу жұмыстары аймағында халықаралық ынтымақтастық сұрақтары талқыланды. 

1314 7

Конгресс қатысушылары профессор Ф. Ширази мен оның командасына кең ауқымды халықаралық фармацевтикалық форумды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және жылы шыраймен қарсы алғаны үшін алғыс білдіреді. 

Материалға баға беріңіз
(7 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар