Шетел студенттерінің әлеуметтік бейімделуінің кейбір мәселелері

16 Ақпан 2019, 9:44 am
83 рет оқылды

Шетел студенттеріне сапалы білім беру қызметін, сондай-ақ шетел студенттерін бейімделу деңгейін жоғарылату үшін педагогтардың, психологтардың, әлеуметтік және әкімшілік қызметкерлердің белсенділігін талап етеді.

Шетел студенттерінің көпшілігі Қазақстандағы саясат, экономика және әлеуметтік жүйелер, нормалар, салт-дәстүрлер, мәдениеті туралы төмен деңгейде ақпараттанған.

1313 1

14.02.2019 жылы медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасының ұйымдастырумен №2 ОҚМА-ның жатаханасында шетел студенттерімен құқық қорғау органдарының және үкіметтік емес «Сана сезім» өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында мынадай тақырыптар қарастырылды: «ҚР-да шетел студенттерінің құқы мен міндеттері» және «Адам саудасы – ғасыр дерті».

Кездесуге Әл-Фараби ауданының әйелдерге зорлық-зомбылыққа қарсы күрес Департаменттің бас маманы ішкі істер бөлімінің полиция майоры Г.О.Моминова, «Сана сезім» ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйым) өкілдері Ш.Хасанова және М.Ганье шақырылды. 

1313 2

Кездесу кезінде мамандар шетел студенттері өздерінің құқықтар мен міндеттерін білмеуінен әлеуметтік желі арқылы танысудың салдарынан қайғылы жағдайларға ұшырайтыны туралы айтылды.

Кездесуге қатысушылар әртүрлі жағдайлардағы тәртіп ережелері туралы психологиялық және құқықтық қызмет көрсететін құтқару қызметі мен ұйымдарының сымтетіктерін, буклеттер алды.

1313 3

Кафедра ұжымы алынған ақпараттар шетел студенттеріне пайдалы және әлеуметтік бейімделуіне байланысты кейбір қиыншылықтарды болдырмайтындығына үміттенеді.

Материалға баға беріңіз
(2 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар