ЖТД интерн дәрігерлерді дайындауда оқытудың инновациялдық әдістері

14 Ақпан 2019, 12:10 pm
73 рет оқылды

2019 жылдың 7 ақпанында АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының» «Жалпы тәжірибелік дәрігер-1 кафедрасы» «ЖТД дәрігер – интерндерді дайындаудағы оқытудың инновациялық әдістері»тақырыбына кафедра аралық әдістемелік конференциясы жоғары деңгейде өтті. 

1310 1

Конференцияның мақсаты - «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы бойынша интернатурада тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру және өткізуде педагогикалық тәжірибе алмасу және жас мамандарға медициналық көмек көрсету.

Оқу материалдарын меңгеру барысында интеріндерді белсенді ойлау және практикалық қызметке итермелейтін оқытудың инновациялық формалары, әдістері мен құралдары бойынша өзекті тақырыптарға баяндамалармен кафедраның жетекші доценттері мен ассистенттері сөз сөйледі.

1310 2

Конференцияда стандартталған пациент әдістемесін қолдану ерекшеліктері, TBL, PBL, рөлдік ойындар және интерн-ЖТД практикалық сабақтарда коммуникативтік дағдылар, сонымен қатар интерндердің өз бетінше жұмыс істеу формасы ретінде ғылыми жобалар әдісі, ақпаратты іздеу үшін QR-кодты пайдалану мүмкіндіктері талқыланды.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар