«Құқықбұзушылықтың алдын алу–басты міндет»

11 Ақпан 2019, 4:48 pm
245 рет оқылды

2019 жылдың 4 ақпанында тәрбие маманы А.А. Тажиева, гигиена және эпидемиология, қазақ, орыс және латын тілдер кафедраларының ұйымдастыруымен «Құқықбұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс–шараның мақсаты: Кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен Жастар арасындағы орын алып жатқан қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу және түсіндіру болып табылады.

1306 1

Іс шараға Аль-Фараби аудандық полиция басқармасының инспекторы, полиция капитаны Жамалов Ж. Ж. сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерін , ҚР- ның заңнамаларын, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

1306 2

Директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Ұ.О.Ахметова, директордың оқу-өндірістік және кәсіптік тәжірибесі бойынша орынбасары П.Қ.Байдүйсенов медицина колледжінің жалпы ережелері жайында айтып өтті. Барлық оқушылар өз ойындағы сұрақтарға полиция инспекторынан тиісті жауаптарын алды. Қорытындылай келе, қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін жете түсіне отырып, құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік деп қатысушылар өз ойларын пікірлерін айтты.

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар