Жалпы практика дәрігерлерін дайындау - медициналық білім беру мен кәсіби қауымдастықтың бірлескен жауапкершілігі

5 Ақпан 2019, 2:46 pm
263 рет оқылды

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек - Қазақстанның денсаулық сақтау саясатының басты бағыты, онда проблемалардың 85% бастапқы деңгейде шешіледі. 

Медициналық персоналдарды дайындау Ұлттық біліктілік жүйесіне сәйкес оқытылады, сондықтан да еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыратын заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін кәсіби қауымдастық пен медициналық жоғары оқу орындарының күштерін шоғырландыру қажет. 

ЖОО-лар мен жұмыс берушілер бірігіп жұмыс істеуі және тығыз ынтымақтастығы тек оқу бағдарламаларын әзірлеуге ғана емес, сондай-ақ түлектердің оқу нәтижелерін бағалауға, академиялық дәрежені, кәсіби біліктілікті беруде де бағытталатын болады.

ЖПБ құзыреттілігін талқылау және интернатура мен резидентурада білім беру саласындағы қазіргі кезде туындайтын мәселелерді анықтау, ОҚМА түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырыл-ды: жұмыс берушілер мен базалық және клиникалық пәндер кафедралары-ның меңгерушілері қатысқан «Жалпы практика дәрігерлерін дайындау. Ме-дициналық білім беру мен кәсіби қауымдастықтың бірлескен жауап-кершілігі».

Дөңгелек үстелді интернатура мен түлектерді жұмыспен қамту бөлімі, ЖПД кафедрасы, терапия пәндері мен ЖПД-1 ұйымдастырды. Модератор - ОҚМА оқу-методикалық және тәрбиелік жұмыстары бойынша проректор м.ғ.д Анартаев М.У. 

1301 1

Дөңгелек үстелге Шымкент қаласының емдік профилактикалық мекемесі нің (ЕПМ) бірінші басшылары, МО «Сұңқар» Жолдыбаева Г.Ж., ГБО Орталығы Ермахамбетова М.С., қалалық аурухана №2 Пернеханов С.М., ОКЦ бас дәрігер орынбасары Алипова Г.Ш., ЖШС «Медицинский центр болезней суставов г. Шымкент» Баймухамедов Ч.Т., №1 емхана Бейсеуов М.А., №8 емхана Оспанова С.К., ЖШС «Медикер» Позилов Б.Д., Дау Мед бас дәрігер орынбасары Шеримбетов Е.Н. Түркістан облысы Ордабасы ауданы Мырзагендиев Б.П., Қазыгұрт ауданы Полатов А.Г., Арыс ауылы Алипебаев Е.С. қатысты.

1301 2

Аталған мәселелер бойынша, интернатура мен түлектерді жұмыспен қамту деканы м.ғ.к Досыбаев Б.К. ОҚМА жетістіктерін, осы мамандықтар бойынша денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық жоспарлар мен интерндерді жұмысқа орналасу мәселелерін атап өтті. ЖДП-2 кафедарсының меңгерушісі м.ғ.д Досыбаева Г.Н ЖДП-ғы білім беру бағдарламасымен және интернатурадағы жалпы медицинадағы құзіреттілікпен таныстырды. Терапиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к Асанова Г.К. бағдарлама мен интернатура және резидентурадағы «Терапия» мамандығының құзіреттілігі бойынша есеп берді. 

1301 3

Талқылау барысында басшылар тарапынан салалар бойынша негізгі пәндерді нығайту, яғни интерндерді практикалық оқытудан бастап, санитарлық-ағартушылық жұмыста және клиникалық фармакологияда көмектесу жөнінде ұсыныс жасалды. Сонымен қатар, интерндер мен резиденттерді бағыттау бойынша «тәлімгерлікті» нығайту және практикалық дағдыларды жетілдіру, мақсатында студенттерге арналған жазғы практиканы құру ұсынылды.

1301 4

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар