Фармацевтикалық кадрларды даярлауда ЖОО мен жұмыс берушілердің бірлескен жауапкершілігі

23 Қаңтар 2019, 9:40 pm
305 рет оқылды

2019 жылы 18 қаңтарда Академия басшылығының қатысуымен фармация факультетімен ұйымдастыралған «Фармацевтикалық кадрларды даярлауда ЖОО мен жұмыс берушілердің бірлескен жауапкершілігі» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Іс-шара екі бөлімнен тұрды және бірінші бөлімі «ОҚМА» АҚ ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлының алғы сөзімен ашылды. Мырзабек Мырзашұлының алғы сөзінде студенттердің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту процесінде жұмыс берушілер рөлінің маңыздығын атап өтті.

Келесіде «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ және «Даму» Оңтүстік Қазақстан облысының фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

1236 6

Іс-шараға келесі ұйымдардың өкілдері қатысты: «Зерде» ЖШС ҒӨБ, «Еврофарма» ЖШС, «Абу-Акбар» ЖШС, «Арыс» ЖШС, «Рецепт» ЖШС, Сот-сараптамалар орталығының Шымкент қ. бойынша «Сот-сараптама институты» ҚР ӘМ, «Химфарм» АҚ, «Бастау» ЖШС «Өркен» ЖШС, «Зада Фарм» ЖШС, «Нұр-Төре» ЖШС, «Мурат-фарм» ЖШС, Шымкент қ. Кәсіпкерлер палатасы, «ЭкоФарм Интернешнл» ЖШС, «Шымкенттің Жоғары медициналық колледжі» МКҚК, Түркістан қ «Вахапова» ЖК, СК-Фармация, ЖШС «Жанға шипа» ЖШС, «ЮгМедФарм» ЖШС, «Фармация 120/80» ЖШС, «ТИН» ЖШС, «03» ЖШС, Т.О.Орынбаев атындағы Облыстық гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері.

1236 4

1236 5

Кездесу барысында фармация факультетінің түлектерін кәсіптік қызметке дайындауға арналған білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері талқыланды.

1236 7

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:

1. «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ және «Даму» ОҚО фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығы арасында рәсімделген ынтымақтастық туралы Меморандумда қарастырылған іс-шаралар жүзеге асырылсын.

2. Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша өзекті мәселелер есепке алынып, «ОҚМА» АҚ мен фармацевтикалық ұйымдар өзара бірлесіп шешу жолдары қарастырылсын.

3. «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуде бітіруші түлектердің құзыреттіліктерін жетілдіру мақсатында фармацевтикалық ұйым өкілдерінің ұсыныс-пікірлері ескерілсін.

4. Білім алушылардың оқу және өндірістік іс-тәжірибелерін өткізуде өндірістік базалар мен академия арасында өзара нақты талаптары ескеріліп, тиімді жұмыстар ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

5. Білім және ғылымды интеграциялау мақсатында фармациядағы өзекті мәселелері бойынша білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту арқылы академия мен жұмыс берушілердің бірлескен ғылыми жобалары іске асырылсын.

6. Шығарушы кафедралар жұмыс берушілерді қатыстыру арқылы бітіруші түлектерге дипломдық жұмыстарына (жобалар) қазіргі заманғы фармация және фармацевтикалық өндіріс саласындағы өзекті бағыттар бойынша тақырыптар тізімін ұсыну қарастырылсын. 

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар