«Дәрігер тәжірибесіне дәлелді медицина құралдарын енгізу» тақырыбында семинар-тренинг

16 Қаңтар 2019, 4:26 pm
101 рет оқылды

Денсаулық сақтау жүйесін реформалауды және 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау» бағдарламасын дамытуды, сондай-ақ 2016-2019 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру, медициналық білім беруді жетілдірумен клиникалық тәжірибе сапасын арттыру бойынша шараларды іске асыру ОҚМА ПОҚ-ң әлеуетін арттыру мақсатында ОҚМА-ғы дәлелді медицина бөлімі 2019 жылдың 9 қаңтар мен 11 қаңтар аралығында «Дәрігер тәжірибесінде дәлелді медицина құралдарын енгізу» тақырыбында семинар өткізді.

1231 1

Семинар-тренингке келесі кафедралар қатысты: педиатрия және балалар хирургиясы кафедрасы, неврология, психиатрия және психология кафедрасы, терапиялық пәндер кафедрасы, акушерлік және гинекология кафедрасы, ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы, медициналық жедел жәрдем және мейірбике ісі кафедрасы. Тренинг өткізушілер: Дәлелді медицина бөлімінің меңгерушісі м.ғ.к., К.Е. Ахмадиева, м.ғ.к., доцент м.а., Л.Т.Касаева, PhD докторы, Л.А. Садықова, медиатека маманы Д.М. Мамытова. Семинар-тренинг ОҚМА БАО -211б медиатекада өткізді.

Оқыту қазіргі заманауи мультимедиялық технологияларды және интернетті қолданылып, интерактивті түрде өтті. Дәріс барысында алынған мәліметтер медициналық базалардан ақпаратты іздеу және ұсынылған ғылыми медициналық мақалалардың сапасын бағалау тәжірибелік жұмыстармен бекітілді. PICO әдісі бойынша клиникалық сұрақтарды тұжырымдау, ғылыми мақалалардың сапасын талдау, MCQ тесттік форматта кетерде ұсынылған материалдардан тест жүргізілді, рецензияланған журналдарда мақалаларды жазу ережелері, дәрігердің практикасында полипрагмазиямен айналысуға арналған құралдар, полипрагмазия Medscape, Medstopper, базалары, клиникалық тапсырмалар, онлайн-дисктер, полипрагмазияны бағалау индексі, Бирса индексі, STOPP / START индексі, бағдаршамдық құлау қозғалысын бағалау және емдеуден жағымсыз реакцияларды дамыту және т.б., сонымен қатар, заманауи медициналық технологияларды бағалау бойынша презентация жасалды. 

Тренинг тиімділігін бағалау үшін кірерде және шығарда ПОҚ-тан кері байланыс алынды. Қорытынды бағалау осы тренинг қатысушыларының білім деңгейінің едәуір жоғарылағанын көрсетті. Сертификаттар тапсырылды.

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар