Сиқырлы Жаңа жылдық мереке

8 Қаңтар 2019, 6:23 pm
44 рет оқылды

Жаңа жыл қарсаңында ҚР «Қызыл Жарты ай қоғамы» құрамындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге арналған дағдарыс орталығында, 4 курс «Мейіргер ісі» мамандығының студенттері, «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен бірге концерт, қайырымдылық іс шара ұйымдастырды.

Орталықта өмірлері қауіп астында қалған аналар мен олардың балалары тұрады, оларға психологиялық, медициналық, әлеуметтік көмек көрсетіледі. Балалар студенттермен бірге өлең айтып, би биледі, Аяз ата мен Қаршақызға өлең оқыды.

1230 1

1230 2

Іс-шара соңында балаларға және олардың аналарына, жаңа жылдық сыйлықтар, ойыншықтар, киімдер берілді. Ізгі тілектер мен мерекелік құттықтаулар, сонымен қатар сыйлықтар ешкімді бей-жай қалдырмады.

Орталықтың директоры Жусупова М.А. студенттерге және оқытушыларға, балаларға арналған жаңа жылдық мерекеге ризашылық танытып, алғысын білдірді.

1230 3

1230 4

Материалға баға беріңіз
(2 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар