Жаңа жыл құтты болсын ОҚМА!

3 Қаңтар 2019, 7:10 pm
124 рет оқылды

1297 1

2018 жылдың 27 желтоқсанында ОҚМА әкімдігінің қолдауымен, Әлеуметтік мәселелер және Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен ОҚМА қызметкерлерінің арасында Жаңа жылдық кеш өтті.

1297 2

Кешті ОҚМА құрылтайшысы С.С.Сейтжанов пен ректор М.М.Рысбеков ашып берді. 

1297 3

Мерекелік кешті Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы «Жаңа жыл» әнімен әрлеп, ұжымдастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

1297 4

Жаңа жылдық кешке келген ОҚМА ұжымы шоу бағдарламалар мен лотереялық сыйлықтарға дән риза болды. 

1297 5

31 желтоқсан күні Әлеуметтік мәселелер және Жастар саясаты басқармасы ұжымы Аяз ата киімімен ОҚМА қызметкерлерін жаңа – 2019 жылмен құттықтап сыйлықтар беріп шықты. 

1297 6

ОҚМА-дағы жартылай жетім, жағдайы төмен, отбасылы студенттерге Әлеуметтік мәселелер және Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен жаңа жылдық сыйлықтар тарқатылды. 

1297 7

2018 жыл ОҚМА үшін жағымды жаңалықтар мен жетістікке толы жыл болды. Алдағы 2019 жылда да алар асуымыз көп болсын! Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!!!

 

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар