Дәрілік заттардың фармацевтикалық және химия-токсикологиялық талдауының приоритетті бағыттары

21 Желтоқсан 2018, 8:44 pm
179 рет оқылды

7-8 желтоқсан 2018ж. ОҚМА жас ғалымдар мен студенттердің «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» VI халықаралық конференциясы өтті. Конференция ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Бірінші президенті – Елбасы Фонды және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы болып табылады. Конференция ТМД және алыс шетел университеттері мен жоғары оқу орындарының аса қызығушылығын тудырды. 

1291 1

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы қызметкерлері «Дәрілік заттарды фармацевтикалық және химико-токсикологиялық талдаудың приоритетті бағыттары» секциялық мәжілісін ұйымдастырды. Конференцияға ҚР және серіктес ЖОО – И.Сеченов атындағы Бірінші МММУ (Мәскеу, РФ), БММУ (Уфа, РФ), ТашФарМИ (Ташкент, ӨзР), ҰФаУ (Харьков, Украина), Запорожье мемлекеттік медицина университеті (Запорожье, Украина) және т.б. тапсырыс беріп, жас ғалымдары қатысып қайтты.

Секциялық мәжілісте кафедраның «Фармация болашағы» ғылыми үйірмесінің студенттері, магистранттар, докторанттар және серіктес ЖОО студенттері фармацевтикалық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша баяндама жасады. Баяндамалар қызу талқылаулармен жалғасып, әрбір баяндама жасаушы ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерін жоғары деңгейде жеткізе білді. 

1291 2

«Медицинада қолданылатын заттарды сараптаудың ғылыми Орталығы» клиникалық фармакология орталығының ФГБУ аға ғылыми қызметкері, х.ғ.к., Т.А. Родина «Биоаналитикалық зерттеулердегі ЖЭСХ МС/МС: тиісті және тиісті емес тәжірибе» атты баяндамасымен шықты. Татьяна Александровнаның баяндамасы аудиторияда қызу талқыға түсті. Көптеген сұрақтар әртүрлі дәрілік заттардың сандық мөлшерін ЖЭСХ МС/МС әдісі негізінде жасау және валидациялау төңірегінде қойылды. 

Секция жұмысы ары қарай ТашФарМИ дәрілік заттарды стандарттау және сапа менеджменті кафедрасының меңгерушісі Ф.С. Жалилов және доцент И.М. Иминованың «Дәрілік заттардың эффективтілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тиісті сапа стандарттары: дәрілік заттардың өмірлік цикліндегі GxP жүйесі» тақырыбында мастер-кластар өткізуімен жалғасты.

1291 3

Сонымен қатар, секция жұмысына ТашФарМИ фармацевтикалық химия кафедрасының доценті Т.А. Миррахимова қатысып, кафедраның ғылыми жұмыстарымен таныстырды.

Өткізілген конференция қорытындысы бойынша барлығына сертификаттар, ал жүлделі орын иегерлеріне дипломдар мен ескерткіш сыйлықтар берілді. I дәрежелі диплом БММУ студенті Шайбакова Ангелинаға тапсырылды. Екінші және үшінші орындарды біздің оқу орнының студенттері - Жаналиева Наргиза мен Бақыт Динара бөлісті.

1291 4

Конференция қатысушылары мен қонақтары ұйымдастырушыларға жоғары деңгейлі ұйымдастыру жұмыстары және қарым-қатынас, пікірлер алмасуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.

Материалға баға беріңіз
(5 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар